---
title: "4-ші топтама"
description: "Қазақша “сөйлеген” киноцитаталардың 4-ші топтамасы. P.S. Сыни пікірлерге тек қана “вәлкім” 1...."
author: "arsaman_10"
published: "2016-11-26T15:53:45+00:00"
modified: "2016-11-26T15:55:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/4-shi-toptama-730661"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/4-shi-toptama-730661/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 4-ші топтама

> Қазақша “сөйлеген” киноцитаталардың 4-ші топтамасы. P.S. Сыни пікірлерге тек қана “вәлкім” 1....

***Қазақша “сөйлеген” киноцитаталардың 4-ші топтамасы.***

 

P.S. Сыни пікірлерге тек қана “вәлкім”

 

1. Әлемдегі зұлымдықты жеңу үшін, алдымен өзіңдегі зұлымдылық, қараңғылықты жеңу қажет.

**Нарния жылнамалары (хроники)**

 

2. Өткен шақтағы жағдайлардың бәрінен мән-мағына іздеудің қажеті жоқ. **Кешкі экспресс**

3. Қорқыныш – тек қана сенің ойлау жүйеңнің жемісі. **Біздің эрамыздан кейін**

 

4. Жалғыздық – менің барым. Ол мені қорғайды. **Шерлок**

5. Өз қателіктеріңді мойындамау – ең үлкен қателік. **21**

6. Бәрін қайтадан басынан бастау үшін ешқашан кеш деген ұғым болмайды. **Жаз. Сыныптастар. Махаббат**

 

7. Еркек әйелсіз жылдам жабайыланады: жалғыздықта өткізген аз ғана күнде – жуынуды, қырынуды қояды, жыртқыш аңдай ыңыранады. Өркениетке жету үшін адам баласына миллиондаған жылдар қажет болды, ал неандертальдық күйге оралуға 6-ақ күн жетеді.

**Махаббат үш- ақ жыл өмір сүреді**

8. Жер бетінде тірі қалудан асқан қалау күші жоқ.

**127 сағат**

** **

9. Нағыз жентілмендердің қаруы – костюм.

**Кингсман: Құпия қызмет**

 

10. Аузыңа келгенді оттай беруіңе болады, алайда сендегі нағыз көрсеткіш – сенің іс-әрекетің.

**Кингсман: Құпия қызмет**

 

11.

- Сіз қай жерде білім алдыңыз?- Өмір мектебінде, шынын айту керек, үздік болмадым.

**Сезімді тәрбиелеу**

 

12. Бұл өмірде бәріміз таңдау жасаймыз, ең қиыны- сол таңдаумен өмір сүру. **Сөз**

 

13. Сенімсіздіктерден алға оз....

Тағдырына көмек қолын соз...

**Макбет**

 

14. Көптеген дұшпандарыңды жеңіп, тірі қалуға болады, ал өз болмысыңа қарсы күресте сен жеңілістен басқа ешнәрсе ұтпайсың. **Қарулы барон**

 

15. Кез-келген адамдай, менде белгілі бір уақытта үлкен адамдар тобырында жалғыздықты қатты сезінемін.

**Менің сол аяғым**

 

** **

16. Мен атақты болғым келмейді,өз күшіммен белгілі бір нәрсеге қол жеткізгім келеді.

**Ғажайып Төрттік**

 

** **

17. Бүкіл ережелерге бағынсаң бар қызықты жіберіп аласың.

**Қағаз қалашықтар**

** **

 

18. Кешірім қорқынышты талқандап, рухты бостандыққа жібереді, сол себепті бұл ең жойқын қару.

 

19. Қиындықтан қорқатын адам көшбасшы болуға лайықты емес.

**Жеңілмеген**

 

20. – Құпия сөзді айтыңыз?

- НЕ дейсің ?

- Қате.

- Аш есікті жылдам!

- Мүлдем қате.

**Рапунцель: Шым-шытырық оқиға.**

 

**(Менің ең сүйікті мультфильмімнен алынған бұл күлкілі үзіндіні осы мультты мұқият көргендер түсінеді)**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/4-shi-toptama-730661](https://yvision.kz/kk/post/4-shi-toptama-730661)