---
title: "4-6 шілде аралығында Астанада «Аялаған Астана» балалар байқауының финалы өтеді"
description: "Байқауды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 4-6 шілде аралығында Астанада «Аяла..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-25T09:11:00+00:00"
modified: "2015-07-02T19:21:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/4-6-shilde-araly-ynda-astanada-ayala-an-astana-balalar-bay-auyny-finaly-tedi-518357"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/4-6-shilde-araly-ynda-astanada-ayala-an-astana-balalar-bay-auyny-finaly-tedi-518357/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 4-6 шілде аралығында Астанада «Аялаған Астана» балалар байқауының финалы өтеді

> Байқауды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 4-6 шілде аралығында Астанада «Аяла...

Байқауды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 4-6 шілде аралығында Астанада «Аялаған Астана-2015» жас поп-орындаушылардың Ұлттық музыкалық телевизиялық балалар байқауының финалы өтеді.

![4-6 шілде аралығында Астанада «Аялаған Астана» балалар байқауының финалы өтеді](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/Fnurv9FbI0876J60QbEZ3m3k38Pr2r.jpg)

Үш күнге созылатын жарыста қазылар алқасы жеңімпазды анықтайды. Үздік шыққан орындаушы «Балалар Жаңа толқыны» халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды. Сондай-ақ, арнайы ақшалай жүлде - 1 миллион теңгеге ие болады. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінен Астанаға жиналған талантты балалар өнер майталмандарынан дәріс алуда. Айта кетейік, байқауды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/4-6-shilde-araly-ynda-astanada-ayala-an-astana-balalar-bay-auyny-finaly-tedi-518357](https://yvision.kz/kk/post/4-6-shilde-araly-ynda-astanada-ayala-an-astana-balalar-bay-auyny-finaly-tedi-518357)