---
title: "№34 академик А.Тайманов атындағы мектеп-гимназиясындағы кездесу"
description: "2015 жылғы 20 мамыр күні Орал қаласындағы №34 академик А.Тайманов атындағы мектеп-гимназиясында «За..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-05-21T08:32:16+00:00"
modified: "2015-05-21T08:32:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/34-akademik-a-taymanov-atynda-y-mektep-gimnaziyasynda-y-kezdesu-503313"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/34-akademik-a-taymanov-atynda-y-mektep-gimnaziyasynda-y-kezdesu-503313/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# №34 академик А.Тайманов атындағы мектеп-гимназиясындағы кездесу

> 2015 жылғы 20 мамыр күні Орал қаласындағы №34 академик А.Тайманов атындағы мектеп-гимназиясында «За...

![№34 академик А.Тайманов атындағы мектеп-гимназиясындағы кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/rS57BaSkkKHt2wV6fdzVV69I0B0uMd.jpg)

**2015 жылғы 20 мамыр күні** Орал қаласындағы №34 академик А.Тайманов атындағы мектеп-гимназиясында «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында кездесу өтті. Мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін және мәдениетін арттыру. Шараға 8-10 класстардың оқушылары қатынасты.

Құқық пәнінің мұғалімі сыбайлас жемқорлық туралы түсінігі, оның алдын алу және салдары жөнінде дәріс оқыды. Әр азаматтың бойында Отансүйгіштік, еңбекқорлық және адалдық қасиеттерін қалыптастыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, Департаменттің консультанты «Мемлекеттік басқарудың негізгі түсініктері, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру» бойынша ақпараттандырды.

![№34 академик А.Тайманов атындағы мектеп-гимназиясындағы кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/63CE9VoOAgHT05m8kYyWmtPiGjFaSS.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/34-akademik-a-taymanov-atynda-y-mektep-gimnaziyasynda-y-kezdesu-503313](https://yvision.kz/kk/post/34-akademik-a-taymanov-atynda-y-mektep-gimnaziyasynda-y-kezdesu-503313)