---
title: "31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні."
description: "31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.Қаншама зобалаң жылдарды бастан кешкен қазағ..."
author: "karatobe.nurotan.kz"
published: "2021-06-01T05:22:20+00:00"
modified: "2021-06-01T05:22:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/31-mamyr-sayasi-u-yn-s-rgin-rbandaryn-eske-alu-k-ni-937394"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/31-mamyr-sayasi-u-yn-s-rgin-rbandaryn-eske-alu-k-ni-937394/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

> 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.Қаншама зобалаң жылдарды бастан кешкен қазағ...

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Қаншама зобалаң жылдарды бастан кешкен қазағымның әрқайсысының айтқан зары, кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдары – бәрі-бәрі бүгінгі ұрпақтың құлағында, жүрегінде, мәңгі есінде.

Осыған орай, 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы шығып, соған сәйкес 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні болып жарияланды.

31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн.

ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады. Әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Біздің ендігі жердегі борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/31-mamyr-sayasi-u-yn-s-rgin-rbandaryn-eske-alu-k-ni-937394](https://yvision.kz/kk/post/31-mamyr-sayasi-u-yn-s-rgin-rbandaryn-eske-alu-k-ni-937394)