---
title: "3 спортшы Австралия ашық біріншілігінде ел намысын қорғайтын болды"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — Таеквондодан Қазақстан құрамасы 6-шы «Australian Open» халықаралық турнирінде ..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-06-26T02:15:38+00:00"
modified: "2015-06-26T02:15:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/3-sportshy-avstraliya-ashy-birinshiliginde-el-namysyn-or-aytyn-boldy-516774"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/3-sportshy-avstraliya-ashy-birinshiliginde-el-namysyn-or-aytyn-boldy-516774/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 3 спортшы Австралия ашық біріншілігінде ел намысын қорғайтын болды

> АСТАНА. ҚазАқпарат — Таеквондодан Қазақстан құрамасы 6-шы «Australian Open» халықаралық турнирінде ...

# [!\[3 спортшы Австралия ашық біріншілігінде ел намысын қорғайтын болды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/06/20140122163445-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/06/20140122163445.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — Таеквондодан Қазақстан құрамасы 6-шы «Australian Open» халықаралық турнирінде бақ сынайтын болады, деп хабарлады Спорттық жекпе- жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметінен.

26-28 маусым күндері өтетін байрақты бәсекеде ел намысын 3 спортшы қорғайды. Олардың қатарында Мамаев Нұрсұлтан, Смайыл Дүйсебай мен Жаппаров Руслан бар.

Аталған спортшыларды Мельбурн қаласына француз маманы Филип Пинер бастап бара жатыр. G-2 дәрежесіндегі беделді жарыста 500-ге жуық шебер үздіктерді анықтап, чемпиондық атаққа таласады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/3-sportshy-avstraliya-ashy-birinshiliginde-el-namysyn-or-aytyn-boldy-516774](https://yvision.kz/kk/post/3-sportshy-avstraliya-ashy-birinshiliginde-el-namysyn-or-aytyn-boldy-516774)