---
title: "27 мыңнан астам ауыл тұрғыны «ЖҚЖК -2020» бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасына қатысуға ниет білдірді"
description: "«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын түсіндіру жөніндегі ҚР ДСӘДМ жұмылдыру топтары жұмыс..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-07-23T03:56:00+00:00"
modified: "2015-07-31T03:58:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/27-my-nan-astam-auyl-t-r-yny-zh-zhk-2020-ba-darlamasy-men-rleu-zhobasyna-atysu-a-niet-bildirdi-524336"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/27-my-nan-astam-auyl-t-r-yny-zh-zhk-2020-ba-darlamasy-men-rleu-zhobasyna-atysu-a-niet-bildirdi-524336/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 27 мыңнан астам ауыл тұрғыны «ЖҚЖК -2020» бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасына қатысуға ниет білдірді

> «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын түсіндіру жөніндегі ҚР ДСӘДМ жұмылдыру топтары жұмыс...

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын түсіндіру жөніндегі ҚР ДСӘДМ жұмылдыру топтары жұмысының нәтижесі бойынша ағымдағы жылғы 16 наурыз және 22 шілде аралығында 27 мың 108 адам «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына және «Өрлеу» жобасына қатысуға ниет білдірді, деп хабарлады ведомство.

Осы жылдың 1-22 шілде аралығында мобильдік топтар 620 ауылдық елді мекенде тұратын жұмыссыз және өздігінен өнімсіз еңбекпен шұғылданған 93,6 мыңнан астам тұрғындарды қамтыды. Олардың 34,5 мыңы жұмыссыздар, 59,1 мыңы – өздігінен жұмыспен қамтылғандар.

Ең көп қамтылған ауылдық елді мекендер келесі өңірлерде байқалады: Оңтүстік Қазақстан облысы – 141, Солтүстік Қазақстан облысы – 121, Алматы облысы – 90.

Ең жоғары көрсеткіштер келесі өңірлерде байқалады: Оңтүстік Қазақстан облысында – 4 мың 852 мың адам, Қызылорда облысында – 1 мың 256 адам, Қарағанды облысында – 1 мың 203 адам «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысуға ниет білдірді.

Бұрын хабарланғандай, жалпы Қазақстан бойынша құрамында 441 қызметкер бар 178 жұмылдыру топ құрылған болатын. Бастапқыда жұмыссыздықтың деңгейі жоғары, аз қамтылған, өздігінен жұмыспен шұғылданатын тұлғалар, сондай-ақ «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысуы төмен болған 181 ауданның 404 ауыл тұрғынын қамту жоспарланған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында өнімді жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту, еңбекке ынталандыруды арттыру және халықтың табысын өсіру мақсатында халықты жұмыспен қамту саясатын жаңғырту қажеттілігін көрсетті. Бұл үшін қажетті шарттар Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің бар қарқынымен әзірленген. Елімізде серпінді дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі тұрақты арттырылуда. Дағдарыс қарсы реттеу тәжірибесі жинақталған. Жол картасы (2009 – 2010 жылдары) шеңберінде әзірленген жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс ықпалына байланысты уақытша экономикалық қиындықтар жылдарында да жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді. Соған қарамастан, әлемдік дамудың тұрақсыздығы және әлеуметтік жаңғырту жағдайларында серпінді өзгеріп отыратын ішкі болмыстар еңбек нарығын реттеуге және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге жаңа талаптар қояды. Осы бағдарлама – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аталған талаптардың жауабы болып табылады. Ол 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады. Бағдарлама дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін, еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығын болжау және мониторингін жүргізу, табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту тетіктерін қамтиды.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/24119/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/27-my-nan-astam-auyl-t-r-yny-zh-zhk-2020-ba-darlamasy-men-rleu-zhobasyna-atysu-a-niet-bildirdi-524336](https://yvision.kz/kk/post/27-my-nan-astam-auyl-t-r-yny-zh-zhk-2020-ba-darlamasy-men-rleu-zhobasyna-atysu-a-niet-bildirdi-524336)