---
title: "25 мамыр – ҚазҰУ түлектерінің күні!"
description: "Ардақты аты аңызға айналған ҚазМУ-ҚазҰУ түлектері! Сіздерді курстастарыңызбен, достарыңызбен және от..."
author: "sabit_zhussanbayev"
published: "2019-05-11T16:44:08+00:00"
modified: "2019-05-11T16:44:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/25-mamyr-az-u-t-lekterini-k-ni-832258"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/25-mamyr-az-u-t-lekterini-k-ni-832258/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 25 мамыр – ҚазҰУ түлектерінің күні!

> Ардақты аты аңызға айналған ҚазМУ-ҚазҰУ түлектері! Сіздерді курстастарыңызбен, достарыңызбен және от...

Ардақты аты аңызға айналған ҚазМУ-ҚазҰУ түлектері! Сіздерді курстастарыңызбен, достарыңызбен және отбасы мүшелеріңізбен бірге біздің альма-матеріміздің 85 жылдығына және Түлектер қауымдастығының 25 жылдығына шақырамыз! Сіздерді ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында күтеміз! Ең бастысы - ақ пейіл, ақ жарқын көңіл, шат-шадыман күлкі мен жастық шақпен қайта бір жүздесіп, ұлағатты ұстаздармен қауышып, емен-жарқын сыр шертісу.Жиналу 25 мамыр, сағат 10.00-де Триумфальды Арканың алды . Мереке әл-Фараби ескерткішіне, Ө.А. Жолдасбеков монументіне гүл шоқтарын қоюмен басталып, салтанатты шара 11.00-де Студенттер сарайында ашылады. Баяндамалар құттықтаулармен алмастырылған. Гала-концерт Сіздерге көтеріңкі көңіл сыйлайды. Альма-матер Сіздерді асыға күтеді! ҚазҰУ-дың барша түлектерін av.kaznu.kz сайтында онлайн тіркеуден өтулерін өтінеміз! www.kaznu.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/25-mamyr-az-u-t-lekterini-k-ni-832258](https://yvision.kz/kk/post/25-mamyr-az-u-t-lekterini-k-ni-832258)