---
title: "24 қазандақалалық кітапханада кәсіби мереке – Кітапханашылар күні аталып өтті"
description: "24 қазанда қалалық кітапханада кәсіби мереке – Кітапханашылар күні аталып өтті.Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Дархан Оспанов қатысы?..."
author: "journalist_n"
published: "2025-10-29T12:41:08+00:00"
modified: "2025-10-30T09:33:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/24-kazandakalalyk-kitaphanada-kasibi-mereke-kitaphanashylar-kuni-atalyp-otti-1018130"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/24-kazandakalalyk-kitaphanada-kasibi-mereke-kitaphanashylar-kuni-atalyp-otti-1018130/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 24 қазандақалалық кітапханада кәсіби мереке – Кітапханашылар күні аталып өтті

> 24 қазанда қалалық кітапханада кәсіби мереке – Кітапханашылар күні аталып өтті.Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Дархан Оспанов қатысы?...

24 қазанда қалалық кітапханада кәсіби мереке – Кітапханашылар күні аталып өтті.Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Дархан Оспанов қатысып, кітапхана қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

![24 қазандақалалық кітапханада кәсіби мереке – Кітапханашылар күні аталып өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/fe76da1daa8bdde4c6e67d6c021b219e.jpg?width=960&height=720)

Сонымен қатар, әкім орынбасары бірқатар сала мамандарына үздік еңбегі үшін алғыс хаттар мен марапаттар табыстады. Шара барысында қатысушылар үшін кітапхананың жетістіктері мен жаңашыл жобалары жөнінде презентация ұсынылып, дөңгелек үстел форматында пікір алмасу өтті. Мереке жылы атмосферада өтіп, кітапхана ұжымына шабыт пен шығармашылық серпін сыйлады.

![24 қазандақалалық кітапханада кәсіби мереке – Кітапханашылар күні аталып өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/7d551c0b9e442b33bdcd8f4f2000acd4.jpg?width=960&height=720)

Барлық кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз – руханият пен білімнің қайнар көзі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/24-kazandakalalyk-kitaphanada-kasibi-mereke-kitaphanashylar-kuni-atalyp-otti-1018130](https://yvision.kz/kk/post/24-kazandakalalyk-kitaphanada-kasibi-mereke-kitaphanashylar-kuni-atalyp-otti-1018130)