---
title: "21 қыркүйек халықаралық бейбітшілік күні"
description: "Қазіргі кезде ұлтаралық қатынасқа байланысты көп айтылып жүр. Соған байланысты бір танысымның өз бас..."
author: "JanatQypshaq"
published: "2017-09-21T10:30:17+00:00"
modified: "2017-09-21T11:30:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/21-yrk-yek-haly-araly-beybitshilik-k-ni-779457"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/21-yrk-yek-haly-araly-beybitshilik-k-ni-779457/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 21 қыркүйек халықаралық бейбітшілік күні

> Қазіргі кезде ұлтаралық қатынасқа байланысты көп айтылып жүр. Соған байланысты бір танысымның өз бас...

Қазіргі кезде ұлтаралық қатынасқа байланысты көп айтылып жүр. Соған байланысты бір танысымның өз басынан өткен оқиғасын айтып берейін.

Жұмысыма байланысты қалааралық іссапарға жиі шығатынмын, қыс, жаз демей жолға шыға берем. Қыс кезі еді, солтүстіктің қақаған аязы, оның үстіне боран да бар. Сондай іссапарлардың бірінде, бір ауылдың тұсында боранға ұрынып жолда қалдым. Күн қысқа, сағат төрттерден кете түнере бастады. Құрғыр көлік опы қардан жүретін емес. Жан керек болған соң көлікті бастап, әлгі ауылға тарттым. Ең бірінші кездестірген үйге кіріп жағдайымды түсіндірдім. Әбден шаршаған, тоңған адамға ыстық шайларын берді. Сөйтіп, көлікті не істеуге болады, қандай да бір трактор бар ма ауылда деп сұрағанымда, анау Ваняда бар ғой, деп үй иесі екеуіміз әлгі Ваняның үйіне тарттық. Ваня дегені еңгезердей орыстың жігіті екен. Жағдайды Ваняға түсіндіріп едім, да конечно брат давай показывай дорогу деп, екеуім трактор кабинасына отырып көлігім тоқтап қалған жерге жеттік. Боран деген күшейіп кеткен. Көлікті қардан тазалап, тракторға жалғап Ваняның үйіне тарттық. Күн қарайған, енді қайда барам дегенше болған жоқ, әлгі Ваня жігіт, если буран завтра устаканиться, то дорогу уже завтра будут очищать, куда ты пойдешь, давай оставайся деді. Сөйтіп, Ваняның анасы өте майлы да дәмді борщ пісіріп, анасы кушай сынок, кушай, совсем замерз деп, борщтың екінші тәрелкесін құйды, оған қаймақ қосып, тойып жеп алдық. Сөйтіп әңгіме айтып, ұйқыға кеттік. Түн ортасында боран да қойған, әкімшіліктегілер жолды түске дейін тазартып қойды. Жолымды ары қарай жалғастырайын деп мен де дайындалып жүрмін. Тағы бір тамақтанып, бар рахметімді айтып жатырмын. Ну что сколько я тебе должен, десем, да ни чего не надо, ты что деп, ұсынған ақшамды тіпті алмады да. Солай боранға ұрынып, аман қалғам деп қояды танысым.

Менің айтайын дегенім, анау ұлт жақсы, мынау ұлт Ұлы деп, бөлінудің еш қажеті жоқ. Жақсы мен жаман адам әр ұлт өкілдерінде кездеседі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын ағайын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/21-yrk-yek-haly-araly-beybitshilik-k-ni-779457](https://yvision.kz/kk/post/21-yrk-yek-haly-araly-beybitshilik-k-ni-779457)