---
title: "Қазақстан киносы: 16 үздік жоба мемлекеттік қаржыландыруды иеленді"
description: "Анимация, деректі және көркем фильмдердің 444 өтінімінен 16 кино жоба мемлекеттік қолдауға таңдалды. Толық нәтижелер осында!"
author: "aqparatqogam"
published: "2025-07-02T08:53:15+00:00"
modified: "2025-07-02T08:53:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2025-zhyly-16-kino-zhoba-memlekettik-koldau-alady-1015460"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2025-zhyly-16-kino-zhoba-memlekettik-koldau-alady-1015460/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан киносы: 16 үздік жоба мемлекеттік қаржыландыруды иеленді

> Анимация, деректі және көркем фильмдердің 444 өтінімінен 16 кино жоба мемлекеттік қолдауға таңдалды. Толық нәтижелер осында!

2025 жылы 16 кино жоба мемлекеттік қолдауға ие болады. Ведомствоаралық комиссия іріктеуді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Сараптамалық кеңесінің қорытындысы бойынша жүргізді.

Комиссия мүшелері отандық киноиндустрияны дамытуға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлес қоса алатын әлеуеті жоғары жобаларды таңдады.

Айта кетейік, конкурсқа анимация, деректі, көркем фильмдері санаты бойынша 444 өтінім тіркелген. Сараптама кеңесінің қарауына 357 жоба жолданды. Бағалау нәтижесінде 128 сценарий мен сценарийлік жоспар екінші кезеңге өтті. Бұл кезеңде қатысушылар толық құжаттар пакетін ұсынды. Нәтижесінде 99 жоба питчингке жолдама алды.

9-12 маусым аралығында Алматы қаласында конкурстық іріктеудің екі кезеңінен сәтті өткен кино жобалардың питчингі өтті. Питчинг Кино орталықтың ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді. Бұл конкурстың ашықтығы мен әділеттілігіне деген ұстанымды көрсетеді.

Іріктелген жобалар тізімімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:

[https://drive.google.com/file/d/1wbsWgPCsTRWlCZm8sAB8ntIYdvinOuwJ/view?usp=sharing](https://drive.google.com/file/d/1wbsWgPCsTRWlCZm8sAB8ntIYdvinOuwJ/view?usp=sharing)

Кино жобаларды қаржыландыру туралы соңғы шешімді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қабылдайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2025-zhyly-16-kino-zhoba-memlekettik-koldau-alady-1015460](https://yvision.kz/kk/post/2025-zhyly-16-kino-zhoba-memlekettik-koldau-alady-1015460)