---
title: "2025 жылдағы ақпарат саласы: БАҚ-ты тіркеу, құқыққа қайшы контентпен күрес және телеөндірісті дамыту"
description: "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша қорытындыларды ұсынады. Медиа саланы дамытуд..."
author: "AdilNazar"
published: "2025-07-21T11:05:48+00:00"
modified: "2025-07-21T11:05:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2025-zhyldagy-akparat-salasy-bak-ty-tirkeu-kukykka-kayshy-kontentpen-kures-zhane-teleondiristi-damytu-1015754"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2025-zhyldagy-akparat-salasy-bak-ty-tirkeu-kukykka-kayshy-kontentpen-kures-zhane-teleondiristi-damytu-1015754/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2025 жылдағы ақпарат саласы: БАҚ-ты тіркеу, құқыққа қайшы контентпен күрес және телеөндірісті дамыту

> Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша қорытындыларды ұсынады. Медиа саланы дамытуд...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/268570/5e29fddad1402a6510c16bf1e382ea71.png?width=1086&height=1198)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша қорытындыларды ұсынады. Медиа саланы дамытудың негізгі бағыттарына назар аударсақ. Атап айтқанда, БАҚ-ты тіркеу мен жаңарту, құқыққа қарсы контентпен күрес, халықаралық ынтымақтастық, бірлескен жобалар және тарату аясын кеңіту мәселелері қарастырылады.

[🔘](about:blank)**БАҚ-ты тіркеу**

Республикада барлығы 4 871 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде 3 002 мерзімді басылым (газет, журнал), 236 телеарна, 98 радио, 1 231 ақпарат агенттігі мен онлайн-басылым бар. 2025 жылдың I жартыжылдығында БАҚ реестрі жаңартылып, ел аумағында 140 БАҚ қызметін тоқтатып (59 газет, 62 журнал, 19 интернет-басылым), тіркеуден шығарылды.

[🔘](about:blank)**«Құқыққа қайшы контент» таратуға қарсы шаралар**

Жыл басынан бері интернет желісінен 74 130 заңға қайшы материал анықталып, олардың 36 667-і жойылған. Онлайн платформалардан 49 896 материал табылып, оның 12 433-і жойылды.

[🔘](about:blank)**Ортақ жобалар**

«Евразия» арнасы ресейлік «Первый канал» арнасымен бірлесіп, Қазақстанда «Аллигатор» атты 8 сериялы көркем сериал түсірді. Бүгінде «Qazaqstan» арнасы түркиялық «Kanal D» арнасымен бірге «Қайта оралған Үміт» атты 100 сериялы телехикаяны жарыққа шығармақ. «24KZ» арнасы Қытайдың CCTV‑4 арнасымен «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында Қазақстан жайлы «Ортақ үй» («Общий дом») атты деректі фильмнің премьерасын өткізді. «Хабар» арнасында «Ұлы дала мен Аспан асты елі: көршілер, серіктестер, достар» атты деректі фильм көрсетілді.

[🔘](about:blank)**Халықаралық ынтымақтастық** Euronews-пен серіктестік аясында «Modern Nomads» телевизиялық бағдарламасының 12, «East West Connect» 6, «Voices from Central Asia» 6 шығарылымы, «Focus» 3 репортажы әзірленді.

Сонымен бірге, 2025 жылдың наурыз-маусым айларында Euronews Academy білім беру жобасы бойынша Қазақстанда журналистика және медиаменеджмент бағыттарында 4 кәсіби курс ұйымдастырылды.

[🔘](about:blank)**Тарату аясын кеңіту**

«Сұр табақшалар» науқаны аясында шетелдік спутник құрылғыларына балама ретінде отандық спутник аппараттарын сатып алуға ынталандыру мақсатында субсидиялау бағдарламасы іске қосылды. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында 300-ден астам құрылғы сатып алу құны субсидияланды. Жақын арада шекаралас аймақтарда тұрғындар 3 000-нан астам аппарат пайдаланады деп жоспарлануда.

[ℹ️](about:blank)**ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2025-zhyldagy-akparat-salasy-bak-ty-tirkeu-kukykka-kayshy-kontentpen-kures-zhane-teleondiristi-damytu-1015754](https://yvision.kz/kk/post/2025-zhyldagy-akparat-salasy-bak-ty-tirkeu-kukykka-kayshy-kontentpen-kures-zhane-teleondiristi-damytu-1015754)