---
title: "2021 ж. шілде айында Тылсым Торғайға тур туралы"
description: "\"Аты Торғай болғанмен Торғай жері қырандар мекені\" екені аян.Бұл кешегі Шақшақ Жәнібек пен Иман сияқ..."
author: "Fvfylsr"
published: "2021-05-20T07:15:44+00:00"
modified: "2021-05-20T07:19:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2021-zh-shilde-ayynda-tylsym-tor-ay-a-tur-turaly-935715"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2021-zh-shilde-ayynda-tylsym-tor-ay-a-tur-turaly-935715/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2021 ж. шілде айында Тылсым Торғайға тур туралы

> "Аты Торғай болғанмен Торғай жері қырандар мекені" екені аян.Бұл кешегі Шақшақ Жәнібек пен Иман сияқ...

"Аты Торғай болғанмен Торғай жері қырандар мекені" екені аян.

Бұл кешегі Шақшақ Жәнібек пен Иман сияқты батырларды, Ахаң мен Жахаңдай, яғни Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлындай арыстардың дүниеге келген киелі мекені. Бір қызығы өлкеміз ұлы тұлғаларды қос қостап тудырады екен, мысалы, Сырбай мен Ғафу сияқты, Кеңшілік-Серік деп кете береді!

Алайда, оның тағы бір қыры - тылсым Торғай туралы көп айтыла әрі жазыла бермейді, ең бастысы Торғай жері туристер үшін әлі де таңсық мекен.

Сол олқылықтың орнын толтыру үшін 2016 жылы ашылған "Тылсым Торғайға саяхат" турын бір жылғы үзілістен кейін биыл қайта ұйымдастырып отырмыз.

Тиісінше, "Тылсым Торғайға саяхат" туры 2021 жылғы 4-6 шілде аралығына жоспарланып отыр.

Егер Сізге:

- Торғай геоглифтері;

- кең сахарамыз;

- тарихи ескерткіштеріміз бен музейлеріміз;

- жайлау мен ауыл өмірі қызықты болса, қымыз ішіп, киіз үйде тұрып көріңіз, сондай-ақ, өз көзіңізбен жергілікті флора мен фаунамен танысыңыз!

Егер қала өмірінен шаршасаңыз, 3 күндік демалыс мазмұнды әрі қызықты болсын десеңіз, онда бізге телефон шалыңыз!

+77016273081 (Cell/WhatsApp)

Біздің сайт: http://torgaitravel.plp7.ru/

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2021-zh-shilde-ayynda-tylsym-tor-ay-a-tur-turaly-935715](https://yvision.kz/kk/post/2021-zh-shilde-ayynda-tylsym-tor-ay-a-tur-turaly-935715)