---
title: "2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді арттыру туралы"
description: "«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан ба..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-12-19T12:14:04+00:00"
modified: "2019-12-19T12:14:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2020-zhyldy-1-a-tarynan-bastap-zeyneta-y-zh-ne-leumettik-t-lemderdi-arttyru-turaly-846177"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2020-zhyldy-1-a-tarynan-bastap-zeyneta-y-zh-ne-leumettik-t-lemderdi-arttyru-turaly-846177/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді арттыру туралы

> «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан ба...

«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап келесі көрсеткіштер белгіленеді:

Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 31 183 теңге мөлшерінде;

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)- 2 651 теңге;

Ең төменгі зейнетақы-38 636 теңге;

Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері-16 839 теңге.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері барлық зейнеткерлерге алынатын мөлшерден 7% - ға арттырылады.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты 5%-ға артады.

Бұл ретте арттыру Қостанай облысы бойынша 136,7 мыңнан астам зейнеткерлерге қатысты.

2020 жылы жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 121 946 теңгені (46 АЕК) құрайды.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің және айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты индекстеледі.

Осылайша, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға (қамқоршыларға) мемлекеттік жәрдемақы, бала жасынан 1-топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты 5% - ға арттырылады.

Аталған арттыру шамамен 21 мың мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алушыларға, 8 мың асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушыларға, 2,7 мың мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға және бала жасынан 1-топтағы мүгедекке күтім жасайтын 590 адамдарға қатысты.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың, №1 және №2 Тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың, бала тууына байланысты және бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың, "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған және "Ана даңқы" орденімен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері АЕК ұлғаюына байланысты 5%-ға арттырылады.

Еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер де 5 пайызға арттырылады.

Сонымен қатар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына еңбек өтілі мен әлеуметтік төлемдер мөлшерлері арасындағы өзара байланысты күшейтуге бағытталған өзгерістер енгізіледі, бұл еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді орта есеппен 30 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы жаңа жылдан бастап облыс бойынша шамамен 345,5 мың әр түрлі төлемдерді алушыларға қатысты.

--------------------------------------------------------------

Согласно Закону РК «О республиканском бюджете на 2020-2022 годы», с 1 января 2020 года устанавливаются следующие показатели:

Прожиточный минимум (ПМ) – в размере 31 183 тенге;

Месячный расчетный показатель (МРП)- 2 651 тенге;

Минимальная пенсия – 38 636 тенге;

Минимальный размер базовой пенсионной выплаты- 16 839 тенге.

С 1 января 2020 года размеры пенсионных выплат по возрасту и за выслугу лет всем состоявшимся пенсионерам повышаются на 7% от получаемого размера.

Размеры государственной базовой пенсионной выплаты повышаются на 5% в связи с увеличением ПМ.

При этом повышение коснется более 136,7 тыс. пенсионеров по Костанайской области.

Максимальный доход, учитываемый для исчисления размеров вновь назначаемых пенсий в 2020 году, составит 121 946 тенге (46 МРП).

Размеры государственных социальных пособий ежегодно индексируются в связи с увеличением величины прожиточного минимума и месячного расчетного показателя.

Так размеры государственных пособий по инвалидности и по случаю потери кормильца, государственного пособия родителям (опекунам), воспитывающим детей-инвалидов, государственного пособия лицам, осуществляющим уход за инвалидом 1-ой группы с детства с 1 января 2020 года повышаются на 5% в связи с увеличением ПМ.

Данное повышение коснется порядка 21 тыс. получателей государственных пособий по инвалидности, 8 тыс. получателей пособий по потери кормильца, 2,7 тыс. родителей, воспитывающих детей-инвалидов и 590 лиц, осуществляющих уход за инвалидами 1 группы с детства.

Размеры специальных государственных пособий, государственных специальных пособий по Спискам №1 и №2, государственных пособий в связи с рождением ребенка и по уходу за ребенком до достижения им возраста одного года, государственных пособий многодетным матерям, награжденным подвесками «Алтын алқа», «Күміс алқа» или получившие ранее звание «Мать-героиня» и награжденные орденом «Материнская слава» повышаются на 5 % в связи с увеличением МРП.

Социальные выплаты из Государственного фонда социального страхования на случай утраты трудоспособности и потери кормильца повышаются также на 5 процентов.

К тому же с 1 января 2020 года в Закон РК «Об обязательном социальном страховании» вносятся изменения, направленные на усиление взаимосвязи между трудовым стажем и размерами социальных выплат, что позволит увеличить социальные выплаты по утрате трудоспособности, потери кормильца и потере работы в среднем на 30 процентов.

В общем повышение с нового года коснется порядка 345,5 тыс. получателей различных видов выплат по области.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2020-zhyldy-1-a-tarynan-bastap-zeyneta-y-zh-ne-leumettik-t-lemderdi-arttyru-turaly-846177](https://yvision.kz/kk/post/2020-zhyldy-1-a-tarynan-bastap-zeyneta-y-zh-ne-leumettik-t-lemderdi-arttyru-turaly-846177)