---
title: "2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көп балалы отбасылар үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізу туралы"
description: "Республика бойынша 340 мыңнан астам көп балалы отбасы, оның ішінде Қостанай облысы бойынша 5 мыңнан ..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-12-20T11:28:05+00:00"
modified: "2019-12-20T11:28:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2020-zhyl-y-1-a-tardan-bastap-k-p-balaly-otbasylar-shin-zha-a-memlekettik-zh-rdema-y-engizu-turaly-846237"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2020-zhyl-y-1-a-tardan-bastap-k-p-balaly-otbasylar-shin-zha-a-memlekettik-zh-rdema-y-engizu-turaly-846237/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көп балалы отбасылар үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізу туралы

> Республика бойынша 340 мыңнан астам көп балалы отбасы, оның ішінде Қостанай облысы бойынша 5 мыңнан ...

Республика бойынша 340 мыңнан астам көп балалы отбасы, оның ішінде Қостанай облысы бойынша 5 мыңнан астам отбасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақы алатын болады.

Осы мемлекеттік жәрдемақыны енгізу а.ж. 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР ЕХӘҚМ әзірлеген, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағыттарының бірі болып табылады.

Жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақыны 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе күндізгі оқу бөлімінің 23 жасқа дейінгі студенттері бар көп балалы отбасыларға олардың табысына қарамастан төлеу жоспарлануда. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері балалардың санына байланысты сараланған болады.

Мәселен, 4 баладан тұратын отбасылар 42 496 теңге (16,03 АЕК), 5 баладан - 53 126 теңге (20,04 АЕК), 6 баладан 63 757 теңге (24,05 АЕК), 7 және одан да көп баладан 74 388 теңге (28,06 АЕК) алатын болады.

Жәрдемақының орташа мөлшері әрбір балаға 10-11 мың теңгені құрайтын болады, бұл тағайындалуы 2018 жылдан бастап тоқтатылған ұқсас арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардан 4-7 есе көп.

Қазіргі таңда облыс бойынша 3 400 отбасы 10 504 теңге мөлшерінде көпбалалы отбасы ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алады, және ол 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалды.

Аталған отбасыларға ешқайда барудың қажеті жоқ, өйткені олар автоматты түрде жәрдемақы мөлшерін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалар саны бойынша қайта есептей отырып, жәрдемақының жаңа түріне ауыстырылды. Егер алушылардың құжаттарында немесе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде 5 және одан да көп бала туралы мәліметтер болса, онда аталған балалар балалар санына қосылды.

Қалған 1 600 көп балалы отбасы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жаңа жәрдемақы алуға құқығы бар, алдын ала өтініштер қабылданып, оларға да жәрдемақы тағайындалды.

Осылайша, барлық көп балалы отбасылар жаңа жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап балалар санынан сараланған жаңа жәрдемақы ала бастайды.

Сондай-ақ мәлімет үшін хабарлаймыз, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми веб-сайтында «2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағайындауға дайындығы туралы мәліметтерді тексеру» қосымша беті бар, онда алушының ЖСН бойынша 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау туралы және есепке алынған балалар санын білуге болады.

Егер тағайындалған кезде отбасы құрамында есепке алынған балалар саны дұрыс көрсетілмеген жағдайда, жәрдемақы қайта есептеуге тұрақты тұрғылықты жері тіркелген жердегі Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне өтініш және растайтын құжаттармен жүгінуге болады.

-------------------------------------------------------------

Более 340 тыс. многодетных семей по республике, в том числе более 5 тыс. семей по Костанайской области, будут получать новое государственное пособие с 1 января 2020 года.

Введение данного государственного пособия является одним из трех основных направлений поддержки малообеспеченных и многодетных семей, предусмотренных в новых механизмах оказания адресной социальной помощи, разработанных МТСЗН РК по поручению Главы государства, озвученному в Послании народу Казахстана от 2 сентября т.г.

Вышеуказанное государственное пособие планируется выплачивать всем многодетным семьям, имеющим 4-х и более несовершеннолетних детей или студентов очной формы обучения в возрасте до 23 лет, вне зависимости от их дохода. Размеры госпособия будут дифференцированные в зависимости от количества детей.

Так, семьи с 4-мя детьми будут получать 42 496 тенге (16,03 МРП), с 5-ю детьми – 53 126 тенге (20,04 МРП), с 6-ю детьми – 63 757 тенге (24,05 МРП), с 7-ю и более детьми – 74 388 тенге (28,06 МРП).

В среднем размер пособия будет составлять 10-11 тыс. тенге на каждого ребенка, что в 4-7 раз больше аналогичных специальных государственных пособий, назначение которых было прекращено с 2018 года.

На данный момент 3 400 семей по области получают сейчас специальное государственное как многодетная семья в размере 10 504 тенге, и назначено оно им было до 1 января 2018 года.

Данным семьям нет необходимости никуда обращаться, так как они в автоматическом режиме переведены на новый вид пособия с перерасчетом размера пособия с 1 января 2020 года по количеству детей. Если в документах получателей или в информационных системах госорганов имелись сведения о 5-м и более ребенке, то данные дети были добавлены в количество детей.

У остальных 1 600 многодетных семей, которые не получают спецгоспособие, но имеют право на новое пособие, заблаговременно были приняты заявления и им также назначены пособия.

Таким образом все многодетные семьи с первого рабочего дня нового года начнут получать новое пособие дифференцированно от количества детей.

Также до сведения сообщаем, что на официальном веб-сайте Министерства труда и социальной защиты населения РК имеется вкладка «Проверка сведений о готовности к назначению с 1 января 2020 года», где по ИИН получателя можно узнать о назначении пособия как многодетной семье с 1 января 2020 года и количество учтенных детей.

В случае если при назначении количество детей, учтенных в составе семьи, указано не верно, можно обратиться с заявлением и подтверждающими документами в отделение Государственной корпорации по месту регистрации постоянного места жительства на перерасчет пособия.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2020-zhyl-y-1-a-tardan-bastap-k-p-balaly-otbasylar-shin-zha-a-memlekettik-zh-rdema-y-engizu-turaly-846237](https://yvision.kz/kk/post/2020-zhyl-y-1-a-tardan-bastap-k-p-balaly-otbasylar-shin-zha-a-memlekettik-zh-rdema-y-engizu-turaly-846237)