---
title: "2019 жылы Электрондық еңбек биржасы арқылы 135 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты"
description: "2019 жылы Электрондық еңбек биржасы арқылы 135 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналастыЖұма,17 ма..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-05-20T05:51:15+00:00"
modified: "2019-05-20T05:51:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2019-zhyly-elektrondy-e-bek-birzhasy-ar-yly-135-my-nan-astam-aza-standy-zh-mys-a-ornalasty-832723"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2019-zhyly-elektrondy-e-bek-birzhasy-ar-yly-135-my-nan-astam-aza-standy-zh-mys-a-ornalasty-832723/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2019 жылы Электрондық еңбек биржасы арқылы 135 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

> 2019 жылы Электрондық еңбек биржасы арқылы 135 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналастыЖұма,17 ма...

2019 жылы Электрондық еңбек биржасы арқылы 135 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Жұма,17 мамырда Astana Hub аумағында Цифрландыру күнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық трансформациясы талқыланды.

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғаувице-министрі Нариман Мұқышев, Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев, Білім және ғылым вице-министі Рүстем Биғари, сондай-ақ бизнес-орта өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашқан Б.Сапарбаев цифрландыру әлеуметтік-еңбек саласын жаңғыртудың басты факторларының бірі болып табылатынын атап өтті.

«Цифрлық технологиялар әлеуметтік көмек көрсетудің маңызды құралы болып табылады. Әрбір тағайындалған жәрдемақы, жұмыспен қамтылған адам және әрбір мемлекеттік қызмет министрліктің ақпараттық жүйелерінің үйлесімді жұмысы болып табылады, өйткені цифровизацияның негізгі мақсаты әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, азаматтар алатын мемлекеттік қызметтердің барынша ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады», - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, ол Еңбек министрлігінің қызметтері цифрландыру әсерімен белсенді өзгеретінін атап өтті. Маңызды бағыттардың бірі Big Data болып табылады, оның негізінде қазірдің өзінде тиімді шешім қабылдау үшін талдау қалыптырылуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың екінші жартысынан бастап мүгедектікті сырттай белгілеу бойынша қызметті одан әрі кеңейту жоспарланып отыр, осы мерзімде «Әлеуметтік қызметтер» порталын іске қосу жоспарланып отыр, ол жеке қажеттіліктерді ескере отырып, техникалық оңалту құралдарын дербес таңдауды қамтамасыз етуге, оларды ұсыну мерзімдерін қысқартуға және мүгедектігі бар адамдардың қанағаттанушылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан республикада алғашқы цифрлық платформа және елдегі ең ірі бос жұмыс орындары мен түйіндемелер банкі - Электрондық еңбек биржасы жұмыс істей батады. Жұмыс басталғаннан бері Биржада 985 мың бос жұмыс орны және 732 мың түйіндеме орналастырылды. Еңбек биржасы арқылы 2019 жылдың басынан бері 135 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасты. Ағымдағы жылы осы жүйені одан әрі дамыту жоспарланып отыр: құрылған жұмыс орындарының картасын енгізу, онлайн-оқыту, виртуалды консультантты енгізу және басқалары.

Электрондық шарттарды енгізу, "E-халық" электрондық базасын дамыту бойынша жұмыс жалғастырылатын болады, оған қазіргі уақытта ауылдық округтердің 100%-ы қосылған, «Қолжетімді орта» порталында мүгедектер үшін объектілердің қолжетімділігі бойынша деректерді өзектендіру бойынша жұмыс жалғасады.

Жалпы, 2018 жылы электрондық және проактивті мемлекеттік қызметтердің арқасында шамамен 939 млн.теңге үнемделген. Сондай-ақ, қызмет көрсетушілер мен азаматтардың жиынтығында шамамен 340 мың күн уақытын үнемдеуге қол жеткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар, бизнес-орта өкілдері және лауазымды адамдар арасында сындарлы пікір алмасу өтті.

Свыше 135 тыс. казахстанцев трудоустроились посредством электронной биржи труда в 2019 году

Цифровую трансформацию министерства труда и социальной защиты населения Казахстана обсудили на Дне цифровизации в Astana Hub в пятницу, 17 мая.

Участникам мероприятия стали министр труда и социальной защиты населения РК Бердибек Сапарбаев, министр цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности РК Аскар Жумагалиев, вице-министры труда и соцзащиты Нариман Мукушев, здравоохранения Олжас Абишев, вице-министр финансов Руслан Енсебаев, вице-министр образования и науки Рустем Бигари, а также представители бизнес-среды.

Открывая мероприятие, Б.Сапарбаев отметил, что цифровизация стала одним из ключевых факторов модернизации социально-трудовой сферы.

«Важным инструментом оказания социальной помощи служат цифровые технологии. За каждым назначенным пособием, трудоустроенным человеком и каждой госуслугой стоит слаженная работа информационных систем Министерства, ведь основной целью цифровизации является упрощение административных процедур, обеспечение максимальной прозрачности и доступности получения гражданами госуслуг», - сказал глава ведомства.

При этом, он подчеркнул, что услуги Минтруда под влиянием цифровизации продолжают активно изменяться. Одним из важных направлений являются Big Data, на основе которых уже сейчас формируется анализ для эффективного принятия решений.

Вместе с тем, со второй половины текущего года планируется далее масштабировать услугу по заочному установлению инвалидности, в эти же сроки запланирован запуск портала «Социальных услуг», который позволит обеспечить самостоятельный выбор технических средств реабилитации с учетом индивидуальных потребностей, сократить сроки их предоставления и повысить уровень удовлетворенности лиц с инвалидностью.

С 1 января 2018 года в республике работает первая цифровая площадка и самый большой банк вакансий и резюме в стране - Электронная биржа труда. С начала работы на Бирже размещено 985 тыс. вакансий и 732 тыс. резюме. C помощью Биржи труда свыше 135 тыс. граждан трудоустроились с начала 2019 года. В текущем году запланировано дальнейшее развитие данной системы: реализация карты создаваемых рабочих мест, онлайн-обучение, внедрение виртуального консультанта и другое.

Будет продолжена работа по внедрению электронных договоров, развитию электронной базы «E-Халык», к которой уже сейчас подключены 100% сельских округов, продолжится работа по актуализации данных по доступности объектов для инвалидов на портале «Доступная среда».

В целом за счет электронных и проактивных госуслуг в 2018 году сэкономлено порядка 939 млн. тенге. Также достигнута значительная экономия времени услугодателей и граждан в совокупности около 340 тысяч дней.

На мероприятии состоялся конструктивный обмен мнениями между участниками, представителями бизнес-среды и чиновниками.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2019-zhyly-elektrondy-e-bek-birzhasy-ar-yly-135-my-nan-astam-aza-standy-zh-mys-a-ornalasty-832723](https://yvision.kz/kk/post/2019-zhyly-elektrondy-e-bek-birzhasy-ar-yly-135-my-nan-astam-aza-standy-zh-mys-a-ornalasty-832723)