---
title: "2019 жылғы 1 сәуірден бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы жиі қойылатын сұрақтар"
description: "2019 жылғы 1 сәуірден бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы жиі қойылатын сұрақтарАтаул..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-05-06T09:07:14+00:00"
modified: "2019-05-06T09:07:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2019-zhyl-y-1-s-uirden-bastap-k-rsetiletin-atauly-leumettik-k-mek-turaly-zhii-oyylatyn-s-ra-tar-831898"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2019-zhyl-y-1-s-uirden-bastap-k-rsetiletin-atauly-leumettik-k-mek-turaly-zhii-oyylatyn-s-ra-tar-831898/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2019 жылғы 1 сәуірден бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы жиі қойылатын сұрақтар

> 2019 жылғы 1 сәуірден бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы жиі қойылатын сұрақтарАтаул...

2019 жылғы 1 сәуірден бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы жиі қойылатын сұрақтар

Атаулы әлеуметтік көмек – бұл аз қамтылған азаматтарға және табыстары төмен деңгейдегі отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем. Төменде біз жиі қойылатын 10 сұрақ пен олардың жауаптарын келтірдік.

8) 1 сәуірден бастап отбасының жалпы табысын есептеу кезінде қандай табыс алынып тасталады?

АӘК тағайындау үшін отбасының жиынтық табысын есептеген кезде мыналар есепке алынбайды: 1. 4 және одан да көп баласы бар көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы; 2. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы; 3. баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақы; 4. студенттердің стипендиясы; 5. жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын біржолғы төлемдер.

9) Көп балалы отбасыларды қолдау бойынша тағы қандай шаралар бар? Олар бойынша толық және дұрыс ақпаратты қайдан ала алады?

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайын 16 160 теңге (6,4 АЕК) мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бүгінде 235 мың ана осындай құрметті атаққа ие.Сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар:
- көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын;
- тұрғылықты мекенжайын тіркеу, паспорт және жеке куәлік алу кезінде жасалатын нотариаттық және заң тұрғысынан маңызды әрекеттер үшін мемлекеттік баж салығын және т.б. төлеуден босатылады.Сонымен қатар, 5 және одан да көп бала туып, оларды 8 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған аналар 53 жасында зейнетке шығуға құқылы.Бұдан басқа, Министрлік азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі, оны АӘК алушыларға жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Әлеуметтік пакетке жергілікті атқарушы органдар есебінен көрсетілетін 11 әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет шарасы кіреді, оның ішінде 1-4-сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, балалар лагерлерінде тегін демалу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту, мектеп формасымен, оқулықтармен және оқу керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және т.б. бар.Бірыңғай әлеуметтік пакетті енгізу елдің барлық өңірлерінде мұқтаж азаматтарға бірдей әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және басқа да жеңілдіктер мен жәрдемақылар туралы толық ақпаратты жұмыспен қамту орталықтарынан, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан, ауылдық әкімдіктерден, сондай-ақ 111 call-орталығы арқылы алуға болады.

10) Қандай жастағы балалар АӘК ала алады?

Жаңа механизм бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы немесе 20 789 теңге мөлшеріндегі кепілді төлем 18 жасқа дейінгі балаларға, ал орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған жағдайда, білім беру ұйымын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) төленетін болады.

Часто задаваемые вопросы об адресной социальной помощи с 1 апреля 2019 года

Адресная социальная помощь – это денежная выплата, предоставляемая малообеспеченным гражданам и семьям с низким уровнем дохода, в том числе многодетным семьям. Ниже мы привели 10 наиболее часто задаваемых вопросов и ответов на них.

8) Какие доходы с 1 апреля будут исключены при исчислении совокупного дохода семьи?

При исчислении совокупного дохода семьи для назначения АСП не будут учитываться: 1. специальное госпособие многодетным семьям, имеющих 4 и более детей; 2. пособие многодетным матерям, награжденным подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа»; 3. пособие по инвалидности ребенка; 4. стипендии студентам; 5. единовременные выплаты, осуществляемые местными исполнительными органами.

9) Какие есть ещё меры поддержки многодетных семей? Где они могут получить по ним полную и корректную информацию?

Многодетным матерям, награжденным подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа», или получившим ранее звание «Мать-героиня», награжденным орденами «Материнской славы» I и II степени, выплачивается ежемесячное государственное пособие в размере 16 160 тг. (6,4 МРП). Сегодня такое почетное звание имеют 235 тыс. матерей.Многодетные матери, награжденные подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа», также освобождены от уплаты:
- налога на транспортные средства и земельного налога;
- гос. пошлины при совершении нотариальных и юридически значимых действий при регистрации места жительства, выдаче паспортов и удостоверений личности и т.д.Также матери, родившие 5 и более детей и воспитавшие их до 8-летнего возраста, имеют право выйти на пенсию в 53 года.Кроме того, с учетом предложений граждан министерством разработан единый пакет социальной помощи и услуг, которые будут оказываться получателям АСП местными исполнительными органами. Соцпакет включает в себя 11 мер социальной поддержки и социальных услуг за счет местного исполнительного органа, в том числе обеспечение школьников бесплатным горячим питанием с 1-4 класс, льготный проезд в общественном транспорте, бесплатный отдых в детских лагерях, улучшение жилищных условий через систему жилстройсбережений, обеспечение школьной формой, учебниками и принадлежностями и многое другое.Внедрение единого социального пакета позволить оказать дополнительную социальную помощь нуждающимся гражданам одинаково во всех регионах страны.Подробную информацию по назначению адресной социальной помощи и предоставлению иных видов льгот и пособий можно получить в центрах занятости, управлениях координации занятости и социальных программ, сельских акиматах, а также обратившись по бесплатному номеру call-центра «111».

10) Дети какого возраста могут получать АСП?

По новому механизму получателям АСП гарантированная выплата в размере 20 789 тг. будет выплачиваться детям до 18 лет, а при условии обучения по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и послевузовского образования после достижения ими совершеннолетия до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения 23-летнего возраста).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2019-zhyl-y-1-s-uirden-bastap-k-rsetiletin-atauly-leumettik-k-mek-turaly-zhii-oyylatyn-s-ra-tar-831898](https://yvision.kz/kk/post/2019-zhyl-y-1-s-uirden-bastap-k-rsetiletin-atauly-leumettik-k-mek-turaly-zhii-oyylatyn-s-ra-tar-831898)