---
title: "2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, жұмыс берушілерді 5 пайыз көлеміндегі зейнетақы төлеуге міндеттейді – ҚР ДСӘДМ"
description: "2018 жылдың 1-қаңтаранын бастап, зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысты заң негізінде жұмыс берушілер..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-08-06T03:58:45+00:00"
modified: "2015-08-06T03:58:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2018-zhyldy-1-a-tarynan-bastap-zh-mys-berushilerdi-5-payyz-k-lemindegi-zeyneta-y-t-leuge-mindetteydi-527418"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2018-zhyldy-1-a-tarynan-bastap-zh-mys-berushilerdi-5-payyz-k-lemindegi-zeyneta-y-t-leuge-mindetteydi-527418/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, жұмыс берушілерді 5 пайыз көлеміндегі зейнетақы төлеуге міндеттейді – ҚР ДСӘДМ

> 2018 жылдың 1-қаңтаранын бастап, зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысты заң негізінде жұмыс берушілер...

2018 жылдың 1-қаңтаранын бастап, зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысты заң негізінде жұмыс берушілер 5 пайыз көлеміндегі зейнетақыны төлеуге мәжбүр болады, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова министрлікте өткен брифингте.

«2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысты заң негізінде жұмыс берушілер 5 пайыз көлеміндегі зейнетақыны төлеуге мәжбүр болады. Жұмыс беруші өзінің әрбір қызметкерінің кірісінің 5 пайызын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын болады. Аталған зейнетақылық төлемдер әрбір азаматқа жеке ашылатын шартты зейнетақы есептерінде аккумуляцияланады және бұл зейнетақылық міндеттемелер болады. Осы талаптар бойынша, төлемдердің мөлшері белгіленеді. Төлемдер зейнетке шыққаннан кейінгі өмір сүру ұзақтығы, жинақ көлемі мен оған қатысу уақыты сияқты көрсеткіштер бойынша қалыптасады»,-деді С.Жақыпова.

Сонымен қатар, жаңа тәртіп пен осы тетіктің өзі зейәнетақы төлеу жүйесіне кемінде 5 жыл қатысуды талап етеді, бұл 60 күнтізбелік ай деген сөз, егер қандай да бір азамат зейнетақылық жүйенің 5 жылдан кем қатысушысы болса, оған төлем жасалмайды.

«Зейнетақылық жинақтаулардың аталған сомасы жеке иелікте болады және оны ешкімге мұраға қалдыруға болмайды. Төлемдер жинақ қорынан адамның өмірінің соңына дейін төленеді. Мысалы ер азамат өзінің 10 пайыз зейнетақылық салымдарынан 3 млн теңге жинады делік, төлемдер осы 3 млн біткенше төленеді. Егер бұл сома бітіп қалған болса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленбейді. Ал жұмыс берушінің есебінен төленген жинақтаулар Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорынан адамның өмірінің соңына дейін төленеді»,-деп түсіндірді вице-министр.

Бұған қоса, ведомство өкілдері зейнет жасына дейін өмір сүрмеген азаматтардың зейнетақылары зейнетақылық төлем алуға құқы бар болашақ зейнеткерлерге бөлінеді.

«Қазір Бірыңғай экономикалық аймақ аясында Ресей мен Беларусь мемлекеттерімен бірге зейнетақылық келісім жасалмаған, алайда келісімнің жобасы сарапшылардың деңгейінда талқылануда. Онда да зейнетақының Ресейден Қазақстанға және Қазақстаннан Ресейге экспорты талқылануда. Мұндай жағдайда Ресей мен Беларусь тарапы төлемдердің ай сайын болуын талап етуде. Егер аталған келісім заңды күшіне енетін болса, онда біз зейнетақылық жинақтауларды ай сайын экспорттау мәселесін қолға аламыз»,-деді С.Жақыпова.

Вице-министрдің сөзінше, адамдардың өздері келіп, құжаттарды өткізіп, бұл қаржыны бір мезгілде шығарып алып жүрген кезде қаржы әрине, зейнетақылық қамтамасыз етуге жұмсалған жоқ. Сол себепті РФ мен Беларусь сарапшылары зейнеткерлік жасқа жеткен соң азамат тұрып жатқан және белгілі деңгейде қаржы жинақтаған мемлекеттің бұл төлемдерді ай сайын аударып отыруын қалайды. Егер азамат Ресейде тұрып жатып, Қазақстанға көшіп келсе, онда Ресей қоры оған сақтандыру зейнетақысын ай сайын аударып отырады.

«Келісім шамамен 2018 жылы күшіне енуі керек. Бүгін жоба дайын және тараптармен қаралуда»,-деп қосты С.Жақыпова.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/24561/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2018-zhyldy-1-a-tarynan-bastap-zh-mys-berushilerdi-5-payyz-k-lemindegi-zeyneta-y-t-leuge-mindetteydi-527418](https://yvision.kz/kk/post/2018-zhyldy-1-a-tarynan-bastap-zh-mys-berushilerdi-5-payyz-k-lemindegi-zeyneta-y-t-leuge-mindetteydi-527418)