---
title: "2017 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізу жөніндегітүсіндірмелік кеңес"
description: "2017 жылы 9 қаңтарда қалалық балалар шығармашылық мектебінің ғимаратында департамент басшысы Мұрат ..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2017-03-28T03:54:10+00:00"
modified: "2017-03-28T04:56:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2017-zhyly-memlekettik-kimshilik-yzmetshilerdi-keshendi-attestattaudan-tkizu-zh-nindegit-sindirmelik-761494"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2017-zhyly-memlekettik-kimshilik-yzmetshilerdi-keshendi-attestattaudan-tkizu-zh-nindegit-sindirmelik-761494/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2017 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізу жөніндегітүсіндірмелік кеңес

> 2017 жылы 9 қаңтарда қалалық балалар шығармашылық мектебінің ғимаратында департамент басшысы Мұрат ...

![1](https://storage.yvision.kz/images/user/deptruda-sockst/2W1dj67hgFxKdlRju5pTW9zY16HsfD.png)

2017 жылы 9 қаңтарда қалалық балалар шығармашылық мектебінің ғимаратында департамент басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков және персоналды басқару жөніндегі бас маман Ә.М.Қарымсақова 2017 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттаудан өткізуге дайындау мен түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған семинар-кеңеске қатысты.

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 15 қадамының шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттаудан өткізу белгіленген.

Ұлт жоспарының ережелерін іске асыру үшін ҚР мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының «Б» корпусы және «А» корпусының мемлекеттікәкімшілік қызметшілері үшін Бірыңғай құзырет шегін енгізу мен құру бойынша жобаны іске асыруға бастама көтерді.Жоба шеңберінде 11 құзыреттіліктібағалау бойынша тестілеу сұрақтары әзірленді. «А» корпусының лауазымдарына- 2, ал «Б» корпусына - 3 тестілеу бағдарламасы қарастырылды.

Қостанай облысында 2017 жылдың қаңтарынан маусымына дейінгі кезеңде алдын ала деректер бойыншааттестаттаудан 5500-ден астам мемлекеттік қызметшілер өтеді.

Кеңеске басшылар және Қостанай облысының мемлекеттік ұйымдардың персоналды басқару қызметтерінің қызметкерлері қатысты.

Кеңес барысында алдағы аттестаттауға дайындалу мәселелері айтылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2017-zhyly-memlekettik-kimshilik-yzmetshilerdi-keshendi-attestattaudan-tkizu-zh-nindegit-sindirmelik-761494](https://yvision.kz/kk/post/2017-zhyly-memlekettik-kimshilik-yzmetshilerdi-keshendi-attestattaudan-tkizu-zh-nindegit-sindirmelik-761494)