---
title: "2017-2018 жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ"
description: "Жалпы Қазақстанның энергетикалық кәсіпорындарында алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық аяқталуда. Күр..."
author: "minenergo"
published: "2017-09-06T05:23:59+00:00"
modified: "2017-09-06T05:23:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2017-2018-zhzh-k-zgi-ys-y-keze-ge-dayyndy-boyynsha-baspas-z-habarlamasy-777848"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2017-2018-zhzh-k-zgi-ys-y-keze-ge-dayyndy-boyynsha-baspas-z-habarlamasy-777848/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2017-2018 жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

> Жалпы Қазақстанның энергетикалық кәсіпорындарында алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық аяқталуда. Күр...

Жалпы Қазақстанның энергетикалық кәсіпорындарында алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық аяқталуда. Күрделі мәселелерді қарастыру және оларды шешу бойынша шаралар қабылдау үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен компаниялардың қатысуымен ай сайын салалық селекторлық кеңестер өткізіледі. 2017 жылы 10 энергоблокты, 61 энергетикалық қазандықты және 49 турбинаны жөндеу жоспарланған болатын. 2017 жылғы қыркүйек айының басында 4 энергоблокта, 28 қазандықта және 22 турбинада жұмыс аяқталды. 4 энергоблокта, 30 қазандықта және 21 турбинада жөндеудің әртүрлі кезеңінде жұмыстар жүргізілуде. Жалпы жұмыстар кесте бойынша жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 17,2 мың км электр беру желілері жөнделді, бұл жылдық жоспардың 71 пайызын құрайды. Жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Электр станцияларда 3 млн. 700 мың тонна көлемінде көмір қоры жиналды, бұл өткен жылдың деңгейінен 24 пайызға артық, сондай-ақ 82 мың тонна мазут жиналды. ҚР Энергетика министрлігінде «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, экспедиторлық және көмір өндіруші компаниялар, көмір электр станциялары өкілдерінің қатысуымен энергия көздеріндегі отынның нормативтік қорын құру және көмірді тасымалдау мәселелерін қарастыру бойынша кеңес өткізілді. Кеңес қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Бірқатар өңірлер бойынша жекелеген мәселелерге назар аудару қажет. Әзірленген кестеге сәйкес «Арселор Миттал Темиртау» АҚ-ның ЖЭЦ-2-де 3 қазандықты және 1 турбинаны жөндеу жоспарланған. Қыркүйек айының басында 2 қазандықты жөндеу аяқталды, № 6 қазандықта және № 2 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның ЖЭЦ-1-де 2 қазандықта жөндеу жұмыстарын аяқтау қажет. Жылу беру маусымы басталғанға дейін Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» газ турбиналық электр станциясында релелік қорғау жүйесін баптауды қамтамасыз ету және Шымкенттік «3-Энергоорталық» ЖЭК-тің «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы берешегін өтеу қажет.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2017-2018-zhzh-k-zgi-ys-y-keze-ge-dayyndy-boyynsha-baspas-z-habarlamasy-777848](https://yvision.kz/kk/post/2017-2018-zhzh-k-zgi-ys-y-keze-ge-dayyndy-boyynsha-baspas-z-habarlamasy-777848)