---
title: "2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 10 мыңнан астам азамат микрокредит алды"
description: "«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру мен тірек ауылда..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2017-01-18T03:05:37+00:00"
modified: "2017-01-18T03:05:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyly-zh-zhk-2020-ba-darlamasyn-zh-zege-asyru-ayasynda-10-my-nan-astam-azamat-mikrokredit-aldy-749962"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyly-zh-zhk-2020-ba-darlamasyn-zh-zege-asyru-ayasynda-10-my-nan-astam-azamat-mikrokredit-aldy-749962/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 10 мыңнан астам азамат микрокредит алды

> «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру мен тірек ауылда...

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру мен тірек ауылдарын кешенді түрде дамытуды қарастыратын (әрі қарай – «»ЖҚЖК 2020) екінші бағытын жүзеге асыру аясында 10 мың 99 адам микрокредит алды. Оның ішінде 421 адам микрокредитті қайтарылған қаражат есебінен рәсімдеді.

Микрокредит алған адамдардың 56% немесе 5 мың 677-сі өз ісін ашып, кәсіпкер атанса, қалған 44% немесе 4 мың 422 адам қолданыстағы бизнесінің аясын кеңейтті. Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп, оған 8 мың 821 адам қосымша жұмысқа орналастырылды.

Сонымен бірге, бағдарламаның екінші бағытының аясында 3 мың 743 адам кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқуларын аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «»ЖҚЖК 2020» бағдарламасының аталған бағытын жүзеге асыру мақсатында 31 млрд. теңге бөлінді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyly-zh-zhk-2020-ba-darlamasyn-zh-zege-asyru-ayasynda-10-my-nan-astam-azamat-mikrokredit-aldy-749962](https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyly-zh-zhk-2020-ba-darlamasyn-zh-zege-asyru-ayasynda-10-my-nan-astam-azamat-mikrokredit-aldy-749962)