---
title: "2016 жылы мақтаралдықтар микрокредиттік ұйымдардан 270 900 000 теңге несие алған"
description: "Бүгін Мақтарал ауданы Кәсіпкерлік бөлімінің мәжіліс залында «Кәсіпкерлерді қолдау бойынша тұрғындар..."
author: "Makhtaralbaspasoz"
published: "2016-08-18T08:08:19+00:00"
modified: "2016-08-18T08:10:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyly-ma-taraldy-tar-mikrokredittik-yymdardan-270-900-000-te-ge-nesie-al-an-707679"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyly-ma-taraldy-tar-mikrokredittik-yymdardan-270-900-000-te-ge-nesie-al-an-707679/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2016 жылы мақтаралдықтар микрокредиттік ұйымдардан 270 900 000 теңге несие алған

> Бүгін Мақтарал ауданы Кәсіпкерлік бөлімінің мәжіліс залында «Кәсіпкерлерді қолдау бойынша тұрғындар...

![2016 жылы мақтаралдықтар микрокредиттік ұйымдардан 270 900 000 теңге несие алған](https://fbcdn-sphotos-a-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xpf1/v/t1.0-9/14088508_332600520462062_2701328395558129080_n.jpg?oh=84e732175d9ceae10e78980b876e34e6&oe=58480372&__gda__=1477543704_1b015e1d7480a88d62c9ccbb9944c362)

**Бүгін Мақтарал ауданы Кәсіпкерлік бөлімінің мәжіліс залында «Кәсіпкерлерді қолдау бойынша тұрғындарға микрокредит берудің механизмдері мен шарттары туралы кеңес беру» жөнінде кездесу өтті. Іс-шараға Қоғамдық кеңес мүшелері, микрокредиттік ұйымдардың басшылары, жұмыспен қамту орталығының өкілдері, «Нұр Отан» партиясы Мақтарал филиалы қызметкерлері, аудандық кәсіпкерлікті қолдау палатасы, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар және БАҚ өкілдері қатысты.**

«Нұр Отан» партиясының «Мақтарал» филиалының төрағасы Әбдіманап Байдуллаев кәсіпкерлікті дамытуға мемлекетіміздің қаншалықты көңіл бөліп жатқандығын айтып өтіп, аудан тұрғындарынан өздерін мазалаған көкейкесті мәселелерді ортаға салуды сұрады. Мырзакент кентінің тұрғыны Анарбай Шалқаров құжаттарының бәрі дұрыс болуына қарамастан «Ырыс» микрокредиттік ұйымынан әуре-сарсаңға түсіп 3 жылдан бері кредит ала алмай жүргендігі туралы мәселені ортаға тастады. Сондай-ақ, мұндай мәселелерге жолығып жатқан Мақтарал ауданының тұрғындары аз емес екен. Микрокредиттік ұйымдардың өкілдері кредит беру процесінде алаяқтықтың орын алатындығын, ортада микрокредиттік ұйымдарға түк қатысы жоқ делдалдардың жүретіндігін айтып ақталды. *«2016 жылы Мақтарал ауданында 99 азамат шағын несие алған, сондай-ақ 104 азамат жаңадан ашылған жұмыс орындарына жолданған. Биылғы алынған шағын несиенің сомасы – 270 900 000 теңгені құрайды»* - дейді Мақтарал ауданы әкімдігінің Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Өмірзақұлы. Айта кетейік, микрокредиттік жүйе құру жөніндегі жұмыс 2003 жылғы наурызда Қазақстанда «Микрокредиттік ұйымдар туралы» арнайы Заң қабылданғаннан басталған болатын. Бұл Заң микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырумен байланысты қарым-қатынастарды реттейді және жүзеге асырады. Микроқаржыландыру - экономикалық дамудың өзінің тиімділігін әлемнің көптеген елдерінде дәлелденген құралы болып табылады.

![2016 жылы мақтаралдықтар микрокредиттік ұйымдардан 270 900 000 теңге несие алған](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14034941_332600523795395_8871679573383137466_n.jpg?oh=c5ed86b8af8be190418373e1d531f81d&oe=5845D645)

![2016 жылы мақтаралдықтар микрокредиттік ұйымдардан 270 900 000 теңге несие алған](https://fbcdn-sphotos-a-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xfp1/v/t1.0-9/14040153_332600643795383_444998705767219186_n.jpg?oh=26ac40ee404a7bacb63077cca1e1c56d&oe=58134FE7&__gda__=1481102972_d67634e4ebcc8dabfe81a5181ba4110a)

![2016 жылы мақтаралдықтар микрокредиттік ұйымдардан 270 900 000 теңге несие алған](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14063869_332600517128729_872649359715202335_n.jpg?oh=b6f27b0bcc1fa51f6ffe33e2445c1e34&oe=584C3F3C)

![2016 жылы мақтаралдықтар микрокредиттік ұйымдардан 270 900 000 теңге несие алған](https://fbcdn-sphotos-e-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xaf1/v/t1.0-9/14040153_332600640462050_3058246829768839014_n.jpg?oh=7c8d1edb45bec365172fc9fd950dd07b&oe=585E4AAC&__gda__=1481603101_11cf8f466e4c318f73ed8693bb006322)

![2016 жылы мақтаралдықтар микрокредиттік ұйымдардан 270 900 000 теңге несие алған](https://fbcdn-sphotos-a-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xpf1/v/t1.0-9/14088508_332600520462062_2701328395558129080_n.jpg?oh=84e732175d9ceae10e78980b876e34e6&oe=58480372&__gda__=1477543704_1b015e1d7480a88d62c9ccbb9944c362)

**(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyly-ma-taraldy-tar-mikrokredittik-yymdardan-270-900-000-te-ge-nesie-al-an-707679](https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyly-ma-taraldy-tar-mikrokredittik-yymdardan-270-900-000-te-ge-nesie-al-an-707679)