---
title: "2016 жылы елімізде жаңа 69 мектеп ашылады — Білім министрі"
description: "2016 жылы Қазақстанда жаңа 69 мектептiң құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жөнiнде ҚР Премьер-ми..."
author: "kazinform_kz"
published: "2016-02-05T05:55:35+00:00"
modified: "2016-02-05T05:55:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyly-elimizde-zha-a-69-mektep-ashylady-bilim-ministri-676926"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyly-elimizde-zha-a-69-mektep-ashylady-bilim-ministri-676926/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2016 жылы елімізде жаңа 69 мектеп ашылады — Білім министрі

> 2016 жылы Қазақстанда жаңа 69 мектептiң құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жөнiнде ҚР Премьер-ми...

2016 жылы Қазақстанда жаңа 69 мектептiң құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жөнiнде ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Дариға Назарбаеваның қатысуымен өтіп жатқан ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысында ведомство басшысы Аслан Сәрiнжiпов мəлім етті.

![2016 жылы елімізде жаңа 69 мектеп ашылады — Білім министрі](https://storage.yvision.kz/images/user/kazinform_kz/74AAPM6t9Gu435AyoSuSTZ41UM0Y0X.jpg)

«Мектепке дейiнгi бiлiм сапасын дамыту үшiн 2015 жылы жаңа стандарт енгiзiлдi. Бизнеспен әрiптестiктi дамыту арқасында мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемелерiнiң желiсi айтарлықтай кеңейдi. Павлодар жəне Қызылорда облыстарында 3-6 жас аралығындағы балалар 100% балабақшамен қамтамасыз етілді. Жеке меншiк балабақшалардың республикадағы үлесi 40 пайызды құрады», - деп хабарлады министр.

Министрдің айтуынша, орта бiлiм беру саласындағы жұмыстар Ұлт жоспарының 77 қадамына сәйкес жүзеге асырылады. Басты мақсаттардың бірі - үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердiң көзiн жою.

«Былтыр 67 апатты мектеп жойылса, 2016 жылы жаңадан 69 мектептiң құрылысын аяқтау жоспарланып отыр», - дедi министр.

**ҚазАқпарат**

[http://inform.kz/kaz/article/2867758](http://inform.kz/kaz/article/2867758)** **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyly-elimizde-zha-a-69-mektep-ashylady-bilim-ministri-676926](https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyly-elimizde-zha-a-69-mektep-ashylady-bilim-ministri-676926)