---
title: "2016 жылы 12 проблемалық нысанның құрылысы аяқталады — Жайымбетов"
description: "2016 жылы 12 проблемалық нысанның құрылысы аяқталады . Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызм..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-12-10T03:10:00+00:00"
modified: "2015-12-14T04:10:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyly-12-problemaly-nysanny-rylysy-aya-talady-zhayymbetov-667606"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyly-12-problemaly-nysanny-rylysy-aya-talady-zhayymbetov-667606/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2016 жылы 12 проблемалық нысанның құрылысы аяқталады — Жайымбетов

> 2016 жылы 12 проблемалық нысанның құрылысы аяқталады . Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызм...

2016 жылы 12 проблемалық нысанның құрылысы аяқталады . Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты.

«2015 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жалпы алаңы 667,3 мың шаршы метр жалға берілетін 11 689 пәтер салуға және сатып алуға шарттар жасалды, соның ішінде 426,7 мың шаршы метр (7228 пәтер) 2015 жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі кезде 322 мың шаршы метр баспаны салынып, сатылды», - деп баяндады М.Жайымбетов.

Ал 2016 жылы 240,6 мың шаршы метр (4461 пәтер) тұрғын үйдің құрылысы басталады деп жоспарланып отыр.

Биылғы жылдың 11 айында елімізде бір мыңнан астам жас отбасы баспаналы болған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты.

«Отандық құрылыс индустриясы кәсіпорындары өнімдерінің 80%-ы пайдаланылды, 7000-нан астам отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Бұдан басқа, үлескерлер қатысатын тұрғын үй құрылысына мониторинг жүргізіледі. Қазіргі кезде 2 нысанның құрылысы аяқталды. 1174 үлескер ақша салған 12 проблемалық объекті бақылауда болады. Оларды 2016 жылы салып бітіру жоспарланған», - дейді Ұлттық экономика министрлігінің өкілі.

"Республикалық бюджет және Ұлттық қордың қаражаты есебінен салынып жатқан тұрғын үйлерге тоқталсам, кезект тұрған азаматтар үшін жалға берілетін баспана салуға биылғы жылы әкімдіктерге 9,8 млрд теңге нысаналы трансферттер бөлінді. 2015 жылдың 11 айында 86 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салынды", - деп хабарлады М.Жайымбетов.

Жалпы, кезекте тұрған 1,2 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайые жақсартқан. Комитет төрағасы жеткізгендей, жас отбасылар үшін тұрғын үй құрылысына биыл 4,7 млрд. теңге бөлініпті.

"Жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы зор қарқынмен жүргізіліп жатыр. Есепті кезең ішінде 57,4 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Осылайша бір мыңнан астам жас отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді", - дейді М.Жайымбетов

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/29488/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyly-12-problemaly-nysanny-rylysy-aya-talady-zhayymbetov-667606](https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyly-12-problemaly-nysanny-rylysy-aya-talady-zhayymbetov-667606)