---
title: "2016 жылдың тамыз айының 24-26 аралығында Астана қаласында «Мұнай газ кешеніндегі экологиялық қауіпсіздік» тақырыбында семинар өткізу жоспарланып отыр."
description: "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталы..."
author: "minenergo"
published: "2016-08-17T00:50:07+00:00"
modified: "2016-08-17T00:50:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyldy-tamyz-ayyny-24-26-araly-ynda-astana-alasynda-m-nay-gaz-keshenindegi-ekologiyaly-auipsizd-707443"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyldy-tamyz-ayyny-24-26-araly-ynda-astana-alasynda-m-nay-gaz-keshenindegi-ekologiyaly-auipsizd-707443/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2016 жылдың тамыз айының 24-26 аралығында Астана қаласында «Мұнай газ кешеніндегі экологиялық қауіпсіздік» тақырыбында семинар өткізу жоспарланып отыр.

> Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталы...

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» *шаруашылық жүргізу құқығындағы* республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҚР «ҚОҚ АТО» РМК) жанындағы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығы (Орталық) **2016 жылдың тамыз айының 24-26 аралығында Астана қаласында** **«Мұнай газ кешеніндегі экологиялық қауіпсіздік»** тақырыбында мамандандырылған оқыту семинарын өткізуді жоспарлауда.

Білімді қорытынды бағалау негізінде тыңдаушыларға ҚР Энергетика вице-министрінің және ҚР «ҚОҚ АТО» РМК бас директорының қолымен ведомствалық үлгідегі куәлік беріледі. Сонымен қатар, Орталық семинар қатысушыларын үлестіру материалдарымен қамтиды - соңғы өзгертулермен және толықтырулармен ҚР Экологиялық кодексі, «Eсo-info» (CD-диск және 1500 астам құжаттар) электронды тасымалдауышта қоршаған ортаны қорғау саласының құқықтық базасы. Өтінімдер тіркеу нысаны (1-қосымша) негізінде семинардың басталуына 5 күн қалғанға дейін қабылданады, сондай-ақ ол Орталықтың [www.pkk.iacoos.gov.kz](http://www.pkk.iacoos.gov.kz) интернет-ресурсында қол жетімді. Семинар құны 2-қосымшада көрсетілген. Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша 8 (7172) 79-93-35 телефоны және [pkkiac@mail.ru](mailto:pkkiac@mail.ru) электронды мекен-жайы арқылы Орталық мамандарына хабарласуға болады. [http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=6971](http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=6971)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyldy-tamyz-ayyny-24-26-araly-ynda-astana-alasynda-m-nay-gaz-keshenindegi-ekologiyaly-auipsizd-707443](https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyldy-tamyz-ayyny-24-26-araly-ynda-astana-alasynda-m-nay-gaz-keshenindegi-ekologiyaly-auipsizd-707443)