---
title: "2016 жылға арналған Әдеп жөніндегі кодексі нормаларына ақпараттық ілеспе бойынша Жүйелік жоспар – кестесі"
description: "2016 жылдың 30 қарашасында «Алматы ақшамы» газетінің басылым сайтында және 2016 жылдың 3 желтоқсанын..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-12-07T03:43:21+00:00"
modified: "2016-12-07T03:43:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyl-a-arnal-an-dep-zh-nindegi-kodeksi-normalaryna-a-paratty-ilespe-boyynsha-zh-yelik-zhospar-k-734898"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyl-a-arnal-an-dep-zh-nindegi-kodeksi-normalaryna-a-paratty-ilespe-boyynsha-zh-yelik-zhospar-k-734898/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2016 жылға арналған Әдеп жөніндегі кодексі нормаларына ақпараттық ілеспе бойынша Жүйелік жоспар – кестесі

> 2016 жылдың 30 қарашасында «Алматы ақшамы» газетінің басылым сайтында және 2016 жылдың 3 желтоқсанын...

2016 жылдың 30 қарашасында «Алматы ақшамы» газетінің басылым сайтында және 2016 жылдың 3 желтоқсанындағы №146 газеттің басылымында Департамент басшысы А. Байханованың «Мемлекеттік қызметшілермен әдеп жөніндегі нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру» атты мақаласы жарияланды.

Аталған мақалада Департаменттің Алматы қаласының мемлекеттік қызметшілермен әдеп жөніндегі нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру саласындағы негізгі аспектілері, ағымдағы жылдың басынан Алматы қаласы Әдеп жөніндегі кеңесі отырыстарында қарастырылатын Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы, сонымен қатар Алматы қаласы бойынша мемлекеттік органдары қызметіндегі сұрақтар мен мәселелер көрсетілген.

Мақалада Алматы қаласы Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысына көңіл бөлінді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласында Әдеп жөніндегі уәкіл институтының құрылуының мақсаттары мен жаңа институт жұмысының негізгі міндеттері, аспектілері көрсетілген.

2016 жылдың 30 қарашасында аталған мақала жариялану үшін «Заң газеті» газетінің басылым баспанасына жолданды.

Сонымен қатар, қараша айының 25 - нен 27 - і күндер аралығында жаңа Әдеп жөніндегі кодексі нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Департаментпен Алматы қаласы бойынша жол жүру саласындағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп жөніндегі кодекс нормаларын және өзге де құқықбұзушылықтарды анықтау және алдын алу мақсатында жедел алдын алу іс – шарасы жүргізілді (әрі қарай - ЖААІШ).

ЖААІШ «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы өкілінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті ішкі қауіпсіздік бөлімі қызметкерлерінің, Алматы қаласы бойынша ІІД Жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің, Алматы қаласы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімі қызметкерлерінің, БАҚ өкілдерінің (Алматы телеарнасы, «Информбюро.кз» қоғамдық – ақпараттық сайты) қатысуымен және Алматы қаласы бойынша ІІД жол – патрульдік полициясының арнайы батальон қызметкерлерінің көмегімен жүргізілді.

ЖААІШ барысында жеке тұлғалармен жасалынған 18 жол жүру ережесін бұзушылық анықталды. Барлық жол жүру ережесін бұзушылықтар бойынша Алматы қаласы бойынша ІІД жол полициясы инспекторларымен әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттамалар толтырылған және өзге де әкімшілік іс – шаралар қолданылған. Бұл ретте, жоғарыда аталған органдардың өкілдері мен БАҚ өкілдерін санынан алынған жұмыс тобының қатысушыларымен жоғарыда аталған жол жүру қауіпсіздігі саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтауды жүзеге асырған жол полициясы қызметкерлерінің іс – әрекетінің заңдылығына қоғамдық бақылау мен қадағалау жүргізілді.

### Сонымен қатар, «ағын» тәртібіндегі партульдеу кезінде ҚР ІІМ ТЖКД Алматы қаласы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкері (кіші сержанті) А.М. Умбетовпен жол жүру ережесін бұзушылық АҚФ «Нұр Отан» өкілінің қатысуымен арнайы батальон патрулінің (Борт 566) экипажымен, Алматы қаласы бойынша ІІД ЖҚБ қызметкері және Мемлекеттік қызмет істері саласындағы бақылау басқармасы қызметкерімен анықталды (бағдаршамның тыйым салу сигналына жүру).

864YEA 02 аймақ м/н «Тойота Корона» маркасындағы автокөлікті тоқтатып, құжаттарды ұсыну туралы Алматы қаласы бойынша ІІД АБ инспекторының заңды талабына жоғарыда аталған тұлғамен ҚР ІІМ ТЖКД Алматы қаласы бойынша №01091 қызметтік куәлігі көрсетілді.

Жол жүру ережесін бұзғаны үшін А.М.Умбетовке қатысты ҚРӘҚК 599 бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Алматы қаласы бойынша ТЖ қызметкерімен жасалған лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша аталған тұлғаға қатысты тәртіптік түрдегі іс – шаралар қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша ІІД ЖҚБ қызметкерлерімен Алматы қаласы бойынша ІІД мен ҚР ІІМ ТЖКД кезекші бөліміне хабарлап, баянат жасалды.

Мақсатсыз пайдалану және қызметтік автокөліктермен пайдалану фактілері анықталмады.

Өзге құқықбұзушылықтар анықталмады.

Сонымен қатар, Алматы қаласының өзгешелігі мен дәрежесін ескере отырып, жол жүру ережесі фактілерінің болмауы, және рейд жүргізу кезінде мемлекеттік қызметшілер арасында әдепсіз мінез – құлық фактілерінің болмауы мемлекеттік қызмет субъектілері және объектілерімен жүргізілген алдын алу іс - шараларының сапалы қамтамасыз етілуі мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылдың Алматы қаласы бойынша уәкілетті органы жұмысының көрнекі және үлгілі көрсеткіші болып табылады.

![2016 жылға арналған Әдеп жөніндегі кодексі нормаларына ақпараттық ілеспе бойынша Жүйелік жоспар – кестесі](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/AKa276j3VBu5w78q8DKI1kL27D78zj.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyl-a-arnal-an-dep-zh-nindegi-kodeksi-normalaryna-a-paratty-ilespe-boyynsha-zh-yelik-zhospar-k-734898](https://yvision.kz/kk/post/2016-zhyl-a-arnal-an-dep-zh-nindegi-kodeksi-normalaryna-a-paratty-ilespe-boyynsha-zh-yelik-zhospar-k-734898)