---
title: "2015 жылы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде селекторлық кеңес өтті"
description: "Кеңес орталық аппарат қызметкерлерінің, аумақтық департаменттер, санитариялық-эпидемиологиялық сара..."
author: "KZPP"
published: "2015-02-03T04:41:08+00:00"
modified: "2015-02-03T04:41:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyly-3-a-panda-aza-stan-respublikasy-ltty-ekonomika-ministrligini-t-tynushylardy-y-taryn-or-au-467094"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyly-3-a-panda-aza-stan-respublikasy-ltty-ekonomika-ministrligini-t-tynushylardy-y-taryn-or-au-467094/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2015 жылы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде селекторлық кеңес өтті

> Кеңес орталық аппарат қызметкерлерінің, аумақтық департаменттер, санитариялық-эпидемиологиялық сара...

Кеңес орталық аппарат қызметкерлерінің, аумақтық департаменттер, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары басшыларының және өңірлердің бас санитариялық дәрігерлерінің қатысуымен өтті.

Селекторлық кеңесте саниариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, өнімнің қауіпсіздігіне мониторингті жүзеге асыру (камералдық бақылау алгоритмі, іріктеу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу), халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығысаласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жетілдіру және 2015 жылы тексерулердің жаңа түрлеріне көшу мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындылары бойынша аумақтық органдарға бірқатар тапсырмалар, оның ішінде топтық улану пайда болған кезінде іс-қимылдар алгоритмін нақты орындау, кәсіпорындарда ХАССП жүйесін әзірлеу және енгізу тәртібіне бизнес-операторларды, мүдделі органдар мен ұйымдардың мамандарын оқыту бойынша жұмысты ұйымдастыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы құжаттарды сотқа жіберген кезінде дәлелдеу материалдардың толықтығын бақылау қажеттілігі және басқалары туралы тапсырмалар берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyly-3-a-panda-aza-stan-respublikasy-ltty-ekonomika-ministrligini-t-tynushylardy-y-taryn-or-au-467094](https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyly-3-a-panda-aza-stan-respublikasy-ltty-ekonomika-ministrligini-t-tynushylardy-y-taryn-or-au-467094)