---
title: "2015 жылдың 21 қыркүйектегі жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат"
description: "2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 491 объекті жоспарланған. 2014 жылдың ма..."
author: "minfingovkz"
published: "2015-09-22T06:37:41+00:00"
modified: "2015-09-22T06:37:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyldy-21-yrk-yektegi-zha-dayy-boyynsha-2014-2016-zhyldar-a-arnal-an-zhekeshelendirudi-keshendi-545600"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyldy-21-yrk-yektegi-zha-dayy-boyynsha-2014-2016-zhyldar-a-arnal-an-zhekeshelendirudi-keshendi-545600/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2015 жылдың 21 қыркүйектегі жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат

> 2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 491 объекті жоспарланған. 2014 жылдың ма...

2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 491 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде 407 объекті жекешелендіруге жатады.

2015 жылдың 21 қыркүйектегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 379 объекті шығарылды, оның ішінде 205 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 10, коммуналдық меншік бойынша - 92, ӘКК - 58, холдингтер бойынша - 45.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 2 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 355 млн. теңгеден астам, Холдингтер 60 850 млн теңге, ӘКК 2 919 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 21 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 21 қыркүйектегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 21 объекті шығарылды, оның ішінде 10 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша Барлығы 2014 - 2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 240 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде 202 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 21 қыркүйектегі жағдайы бойынша 193 объекті шығарылды, соның ішінде 92 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 110 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде 98 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 79 объекті сатуға қойылды, 58 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014 - 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, 21 қыркүйектегі жағдайы бойынша жоспарланған 86 объектінің 86 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 45 объект сатылды.

![2015 жылдың 21 қыркүйектегі жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат](https://storage.yvision.kz/images/user/minfingovkz/3sj8a1YdAN882Km926cK8tRjXzN85s.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyldy-21-yrk-yektegi-zha-dayy-boyynsha-2014-2016-zhyldar-a-arnal-an-zhekeshelendirudi-keshendi-545600](https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyldy-21-yrk-yektegi-zha-dayy-boyynsha-2014-2016-zhyldar-a-arnal-an-zhekeshelendirudi-keshendi-545600)