---
title: "2015 жылдың 12 қазандағы жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат"
description: "2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 491 объекті жоспарланған. 2014 жылд..."
author: "minfingovkz"
published: "2015-10-13T05:47:09+00:00"
modified: "2015-10-13T05:47:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyldy-12-azanda-y-zha-dayy-boyynsha-2014-2016-zhyldar-a-arnal-an-zhekeshelendirudi-keshendi-zh-578122"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyldy-12-azanda-y-zha-dayy-boyynsha-2014-2016-zhyldar-a-arnal-an-zhekeshelendirudi-keshendi-zh-578122/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2015 жылдың 12 қазандағы жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат

> 2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 491 объекті жоспарланған. 2014 жылд...

2

![2015 жылдың 12 қазандағы жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат](https://storage.yvision.kz/images/user/minfingovkz/3XYD751P06V277uV0Kmh6TcHPpV7ys.jpg)

014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 491 объекті жоспарланған.

 

2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде 417 объекті жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 12 қазандағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 388 объекті шығарылды, оның ішінде 212 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 10, коммуналдық меншік бойынша - 96, ӘКК - 59, холдингтер бойынша - 47.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 2 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 436 млн. теңгеден астам, Холдингтер 61 703 млн теңге, ӘКК 2 923 млн. теңге.

**Республикалық меншік бойынша**

Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 21 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 12 қазандағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 21 объекті шығарылды, оның ішінде 10 объекті сатылды.

**Коммуналдық меншік бойынша**

Барлығы 2014 - 2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 241 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде 210 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде12 қазандағы жағдайы бойынша 197 объекті шығарылды, соның ішінде 96 объекті сатылды.

**Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша**

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 109 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде 98 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 82 объекті сатуға қойылды, 59 объекті сатылды.

**Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша**

2014 - 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, 12 қазандағы жағдайы бойынша жоспарланған 88 объектінің 88 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 47 объект сатылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyldy-12-azanda-y-zha-dayy-boyynsha-2014-2016-zhyldar-a-arnal-an-zhekeshelendirudi-keshendi-zh-578122](https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyldy-12-azanda-y-zha-dayy-boyynsha-2014-2016-zhyldar-a-arnal-an-zhekeshelendirudi-keshendi-zh-578122)