---
title: "2015 жылғы Муз-ТВ премиясы Астанада өтеді"
description: "Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ресей шоу-бизнесі өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференц..."
author: "elimai"
published: "2015-02-19T05:05:45+00:00"
modified: "2015-02-19T05:05:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyl-y-muz-tv-premiyasy-astanada-tedi-471530"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyl-y-muz-tv-premiyasy-astanada-tedi-471530/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2015 жылғы Муз-ТВ премиясы Астанада өтеді

> Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ресей шоу-бизнесі өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференц...

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ресей шоу-бизнесі өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтіп, онда Муз-ТВ арнасының бас директоры Арман Дәулетияров дәстүрлі Муз-ТВ премиясының биыл Астана қаласында 5-маусым күні өтетіндігін мәлімдеді. Премияның биылғы атауы – Гравитация.

Музыкалық арна басшысының айтуынша, бұл шара Ресей мен Қазақстанның мәдение байланысын нығайту мақсатында жасалғалы отыр. Ол сондай-ақ, премияның биыл ерекше жағдайда өтетінін және қазақстандық колоритке көп көңіл бөлінетінін жеткізді.

Атап айтқанда, еліміздің мәдениетін насихаттау мақсатында «Қазақстанның үздік әртісі» номинациясы қосылады. Номинантты анықтау үшін өнер саласының мамандары 5 үздік әртісті анықтап, ары олардың ішінен бүкіл халықтық дауыс беру бойынша жеңімпаз анықталады. Дауыс беру «Қазақстан» арнасы арқылы жүзеге аспақ, себебі жобаның бас ақпараттық әріптесі аталмыш арна. Жеңімпаз Муз-ТВ премиясының табақшасымен марапатталады. [Жалғасы...](http://el.kz/m/articles/view/2015-%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D2%93%D1%8B-%D0%9C%D1%83%D0%B7-%D0%A2%D0%92-%D0%BF%D1%80%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B-%D0%90%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%B4%D0%B0-%D3%A9%D1%82%D0%B5%D0%B4%D1%96)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyl-y-muz-tv-premiyasy-astanada-tedi-471530](https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyl-y-muz-tv-premiyasy-astanada-tedi-471530)