---
title: "«2015 жыл 9 шілде бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат."
description: "2014-2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 495 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусы..."
author: "minfingovkz"
published: "2015-07-10T06:04:10+00:00"
modified: "2015-07-10T06:04:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyl-9-shilde-boyynsha-2014-2016-zhyldar-a-arnal-an-zhekeshelendirudi-keshendi-zhosparyn-zh-zeg-520355"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyl-9-shilde-boyynsha-2014-2016-zhyldar-a-arnal-an-zhekeshelendirudi-keshendi-zhosparyn-zh-zeg-520355/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «2015 жыл 9 шілде бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат.

> 2014-2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 495 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусы...

2014-2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 495 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 371 объекті жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 9 шілдедегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 329 объекті шығарылды, оның ішінде 187 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша – 9, коммуналдық меншік бойынша – 81, ӘКК – 56, холдингтер бойынша – 41.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 1 430 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 212 млн. теңгеден астам, Холдингтер 58 366 млн теңге, ӘКК 2 917 млн. теңге.

**Республикалық меншік бойынша**

Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 19 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 9 шілдедегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 19 объекті шығарылды, оның ішінде 9 объекті сатылды.

**Коммуналдық меншік бойынша**

Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 244 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 180 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 9 шілдедегі жағдайы бойынша 158 объекті шығарылды, соның ішінде 81 объекті сатылды.

**Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша**

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014-2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 110 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 95 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 76 объекті сатуға қойылды, 56 объекті сатылды.

**Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша**

2014 – 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, 9 шілдедегі жағдайы бойынша жоспарланған 77 объектінің 76 объектісі сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 41 объект сатылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyl-9-shilde-boyynsha-2014-2016-zhyldar-a-arnal-an-zhekeshelendirudi-keshendi-zhosparyn-zh-zeg-520355](https://yvision.kz/kk/post/2015-zhyl-9-shilde-boyynsha-2014-2016-zhyldar-a-arnal-an-zhekeshelendirudi-keshendi-zhosparyn-zh-zeg-520355)