---
title: "2014 жылы киіктерге авиасанақ жүргізу жөнінде"
description: "2014 жылдың 7 сәуірінде Қазақстанда жануарлар әлемі ресурстарын сақтау, қайта өндіру және тиімді пай..."
author: "ecogovkz"
published: "2014-04-04T06:02:28+00:00"
modified: "2014-04-04T06:02:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2014-zhyly-kiikterge-aviasana-zh-rgizu-zh-ninde-408157"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2014-zhyly-kiikterge-aviasana-zh-rgizu-zh-ninde-408157/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2014 жылы киіктерге авиасанақ жүргізу жөнінде

> 2014 жылдың 7 сәуірінде Қазақстанда жануарлар әлемі ресурстарын сақтау, қайта өндіру және тиімді пай...

2014 жылдың 7 сәуірінде Қазақстанда жануарлар әлемі ресурстарын сақтау, қайта өндіру және тиімді пайдалану бағдарламасын іске асыру аясында киіктердің бетпақдалалық, үстірттік және оралдық таралымдарына авиасанақ және мониторинг жүргізіле бастайды.

Аталған іс-шараларды ҚР ҚОСРМ орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі жүргізеді.

Сонымен қатар, осы жұмысқа ғалымдар, орман және аңшылық шаруашылығының облыстық аймақтық инспекциясының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар пен қоғамдық табиғатты қорғау ұйымдарының өкілдері тартылмақ.

Киіктерді әуеден санау 2 АН-2 ұшақтарының көмегімен жүргізілмек. Бір әуе кемесі киіктердің бетпақдала таралымы ареалында, ал екіншісі үстірттік және оралдық таралымдардың мекендейтін жерлерінде қолданылады.

2014 жылы киіктерге авиасанақ жүргізу ісіне 230 ұшу сағаты бөлініп отыр.

Бетпақдала таралымы киіктерін санау Қарағанды және Қостанай облыстарының аумақтарында 2014 жылдың 10 сәуірінде жүргізіле бастайды.

Орал таралымын санау 2014 жылдың 7 сәуірінде басталып, Батыс Қазақстан облысы аумағында өтеді.

Үстірт таралымы киіктерінің санағы Ақтөбе облысы аумағында, ақбөкендердің оралдық популяциясы саналып біткеннен кейін жүргізіледі.

Қазақстанды мекендейтін киіктердің нақты саны санақ мағлұматтары өңделгеннен кейін анықталады.

2013 жылғы мағлұматтар бойынша Қазақстанды мекендейтін киіктер саны 187 мың басқа жетті. 2003 жылғы деректерге сәйкес киік саны 21 мың бас болатын.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

2014 жылдың 7 сәуірінде Қазақстанда жануарлар әлемі ресурстарын сақтау, қайта өндіру және тиімді пайдалану бағдарламасын іске асыру аясында киіктердің бетпақдалалық, үстірттік және оралдық таралымдарына авиасанақ және мониторинг жүргізіле бастайды. Аталған іс-шараларды ҚР ҚОСРМ орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі жүргізеді. Сонымен қатар, осы жұмысқа ғалымдар, орман және аңшылық шаруашылығының облыстық аймақтық инспекциясының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар пен қоғамдық табиғатты қорғау ұйымдарының өкілдері тартылмақ. Киіктерді әуеден санау 2 АН-2 ұшақтарының көмегімен жүргізілмек. Бір әуе кемесі киіктердің бетпақдала таралымы ареалында, ал екіншісі үстірттік және оралдық таралымдардың мекендейтін жерлерінде қолданылады. 2014 жылы киіктерге авиасанақ жүргізу ісіне 230 ұшу сағаты бөлініп отыр. Бетпақдала таралымы киіктерін санау Қарағанды және Қостанай облыстарының аумақтарында 2014 жылдың 10 сәуірінде жүргізіле бастайды. Орал таралымын санау 2014 жылдың 7 сәуірінде басталып, Батыс Қазақстан облысы аумағында өтеді. Үстірт таралымы киіктерінің санағы Ақтөбе облысы аумағында, ақбөкендердің оралдық популяциясы саналып біткеннен кейін жүргізіледі. Қазақстанды мекендейтін киіктердің нақты саны санақ мағлұматтары өңделгеннен кейін анықталады. 2013 жылғы мағлұматтар бойынша Қазақстанды мекендейтін киіктер саны 187 мың басқа жетті. 2003 жылғы деректерге сәйкес киік саны 21 мың бас болатын. ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

[http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/102-79/](http://)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2014-zhyly-kiikterge-aviasana-zh-rgizu-zh-ninde-408157](https://yvision.kz/kk/post/2014-zhyly-kiikterge-aviasana-zh-rgizu-zh-ninde-408157)