---
title: "2014 жылы 3 ақпанда өткен ҚР Дін істері агенттігі Алқасының кеңейтілген отырысында Агенттіктің 2013 жылғы жұмыс қорытындылары талқыланып, 2014 жылға арналған мақсаттары айқындалды."
description: "Алқа отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова, Қауіпсіздік Кеңес Хатшысының орын..."
author: "DinGovKz"
published: "2014-02-03T00:27:27+00:00"
modified: "2014-02-03T00:27:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2014-zhyly-3-a-panda-tken-r-din-isteri-agenttigi-al-asyny-ke-eytilgen-otyrysynda-agenttikti-2013-zhy-398685"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2014-zhyly-3-a-panda-tken-r-din-isteri-agenttigi-al-asyny-ke-eytilgen-otyrysynda-agenttikti-2013-zhy-398685/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2014 жылы 3 ақпанда өткен ҚР Дін істері агенттігі Алқасының кеңейтілген отырысында Агенттіктің 2013 жылғы жұмыс қорытындылары талқыланып, 2014 жылға арналған мақсаттары айқындалды.

> Алқа отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова, Қауіпсіздік Кеңес Хатшысының орын...

Алқа отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова, Қауіпсіздік Кеңес Хатшысының орынбасары – Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі А. Әбдімомынов, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі, Дін істері агенттігі, аймақтық дін істері басқармалары қызметкерлері, сонымен қатар діни және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Дін істері агенттігінің төрағасы М. Әзілханов Агенттіктің 2013 жылы атқарған жұмыс қорытындылары мен 2014 жылға арналған мақсат-міндеттері туралы негізгі баяндаманы жасады.

Елімізде орнаған діни жағдайға тоқтала келе, М. Әзілханов оның тұрақты қалыпта әрі тұжырымдамалық (конструктивті) мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынастар түрінде дамып отырғанын атап өтті. Агенттік төрағасы 2013 жылы жүзеге асырылған әлеуметтік сауалнама қорытындылары осының айқын дәлелі болып табылады, деп айтты. Атап айтқанда, респонденттердің шамамен 90%-ы еліміздегі діни ахуалды тұрақты деп есептесе, азаматтардың 86%-ы дінаралық қарым-қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қолдайтынын білдірді.

Агенттіктің басты қызметі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мен қоғам ішінде толерантты діни сана-сезімді қалыптасыруға негізделеді. Агенттіктің ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауының арқасында жер-жерлерде дін мәселелері жөніндегі 500-ден астам ақпараттық топтардың жұмыстары ұйымдастырылып, олардың құрамына мемлекеттік органдар мамандары, дінтанушылар мен теологтар кірді.

2013 жылы дін мәселелерін ақпараттық-түсіндіру бойынша іс-шаралар жұмысына 1,3 млн.-нан астам адам қамтылып, БАҚ беттерінде дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша 7 мыңнан астам түрлі жарияланымдар мен баяндамалар жарық көрді. 2 мыңнан астам интернет-ресурстардың мазмұны сараптамалық талдаудан өткізіліп, олардың ішіндегі 106 сайттар мен 46 бейнематериалдарға теріс сараптамалық қорытындылар шығарылып, олар прокуратура органдарына тыйым салуға шешім шығару үшін жолданды. «Әйел және дін» тақырыбында 7 аймақтық форум өткізілді. Бірқатар жоғары оқу орындарының базасында «Қыз Жібек» клубтары ашылып, оларға қыз балаларға ұлттық салт-дәстүрлер негізінде тәлім-тәрбие беру мақсаттары қойылды.

Агенттікпен «E-islam» ақпараттық-ағартушылық интернет-ресурсы, дін мәселелері жөнінде азаматтарға кеңес беру және ақпарат жинау орталығы ашалып, онын базасында тәулік бойы және тегін жұмыс істейтін «Қауырт желі – 114» республикалық ақпараттық-кеңес орталығы ашылды. 1,5 мың материалдарға дінтану сараптамасы өткізілді.

Сөз соңында М. Әзілханов Агенттіктің 2014 жылға арналған басты міндеттерін айқындап, оның ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының аясында белсенді жүргізілетінін айтты.

Атап айтқанда, Агенттік төрағасы мемлекеттік құрылымның зайырлы қағидаларын одан әрі насихаттау бойынша ақпараттық жұмыстарды жандандыру, жалған діни идеялардың таралуына тыйым салу бойынша кешенді сақтық-алдын алу шараларын қабылдау, «Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» Заң талаптарын одан әрі жүзеге асыру, сонымен қатар халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында азаматтық қоғам институттарымен және сарапшылар қауымдастығымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайында баяндады.

Алқа отырысының жұмыс барысында сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты К. Бұрханов, ДІА Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Г. Шлымова және Атырау облысы Дін істері басқармасының жетекшісі Е. Шоқаев баяндама жасады.

Алқа мәжілісінің жұмысын қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова Дін істері агенттігінің мемлекеттік конфессиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша қол жеткізген табыстарын атап өтіп, ведомствоның Қазақстан мемлекеттілігінің зайырлылық қағидаларын күшейту бағытындағы жұмыстарын одан әрі дамыту мәселесіне ерекше назар аудару керектігін айтты. Г. Әбдіқалықова діни экстремиз мен терроризмнің алдын алу аясында Агенттік үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттырудың тетіктерін жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту аясында дәстүрлі конфессиялар өкілдерімен қарым-қатынасты одан әрі дамыту қажеттілігі туралы айтылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2014-zhyly-3-a-panda-tken-r-din-isteri-agenttigi-al-asyny-ke-eytilgen-otyrysynda-agenttikti-2013-zhy-398685](https://yvision.kz/kk/post/2014-zhyly-3-a-panda-tken-r-din-isteri-agenttigi-al-asyny-ke-eytilgen-otyrysynda-agenttikti-2013-zhy-398685)