---
title: "2013 жылы Шаңғы спорты федерациясына 300 млн теңге бөлінеді"
description: "Ағымдағы жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Шаңғы спорты федерациясына 300 млн теңге бөледі. Бұл тура..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-04-16T22:47:28+00:00"
modified: "2013-04-16T22:47:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2013-zhyly-sha-y-sporty-federaciyasyna-300-mln-te-ge-b-linedi-348077"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2013-zhyly-sha-y-sporty-federaciyasyna-300-mln-te-ge-b-linedi-348077/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2013 жылы Шаңғы спорты федерациясына 300 млн теңге бөлінеді

> Ағымдағы жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Шаңғы спорты федерациясына 300 млн теңге бөледі. Бұл тура...

[!\[2013 жылы Шаңғы спорты федерациясына 300 млн теңге бөлінеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/04/3c04f4b3698fa515b0f95b223e2e4374-300x214.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/04/3c04f4b3698fa515b0f95b223e2e4374.jpg)

 

Ағымдағы жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Шаңғы спорты федерациясына 300 млн теңге бөледі. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев ҚР Шаңғы жарысы ұлттық федерациясының кеңейтілген отырысы барысында хабарлады.

«Самұрық-Қазына» еліміздегі ең ірі компания ретінде спорттың жанашыры болып келеді. Біз 13 спорт федерациясын қаржыландырамыз және барлығын таңдай бермейміз. Биылғы жылы қысқы Олимпиада ойындарына дайындық жүріп жатқандықтан біз шаңғы жарыстарына 300 млн теңге бөлеміз. Біздің басты мақсатымыз — Сочи қаласында жақсы нәтиже көрсету»,- деп атап өтті ол.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2013-zhyly-sha-y-sporty-federaciyasyna-300-mln-te-ge-b-linedi-348077](https://yvision.kz/kk/post/2013-zhyly-sha-y-sporty-federaciyasyna-300-mln-te-ge-b-linedi-348077)