---
title: "2013 жылғы 2-4 қазан аралығында Астана қаласындағы Өңірлік оқу орталығының базасында Борабай кентінде Еуропа өңіріндегі Өңірлік оқу орталығының және Дүниежүзілік кеден ұйымының Институционалдық дамуының Өңірлік офисі басшыларының Кездесу-отырысы өтеді"
description: "2013 жылғы 2-4 қазан аралығында Астана қаласындағы Өңірлік оқу орталығының базасында Борабай кентінд..."
author: "KTK_MF_RK"
published: "2013-10-01T07:50:37+00:00"
modified: "2013-10-01T07:50:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2013-zhyl-y-2-4-azan-araly-ynda-astana-alasynda-y-irlik-o-u-ortaly-yny-bazasynda-borabay-kentinde-eu-376901"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2013-zhyl-y-2-4-azan-araly-ynda-astana-alasynda-y-irlik-o-u-ortaly-yny-bazasynda-borabay-kentinde-eu-376901/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2013 жылғы 2-4 қазан аралығында Астана қаласындағы Өңірлік оқу орталығының базасында Борабай кентінде Еуропа өңіріндегі Өңірлік оқу орталығының және Дүниежүзілік кеден ұйымының Институционалдық дамуының Өңірлік офисі басшыларының Кездесу-отырысы өтеді

> 2013 жылғы 2-4 қазан аралығында Астана қаласындағы Өңірлік оқу орталығының базасында Борабай кентінд...

2013 жылғы 2-4 қазан аралығында Астана қаласындағы Өңірлік оқу орталығының базасында Борабай кентінде Еуропа өңіріндегі Өңірлік оқу орталығының және Дүниежүзілік кеден ұйымының Институционалдық дамуының Өңірлік офисі басшыларының Кездесу-отырысы өтеді.

Аталған шара 2013 жылғы 21-22 ақпанда Брюссель қаласында (Бельгия) Дүниежүзілік кеден ұйымының штаб-пәтерінде өткен Институционалдық дамуының Өңірлік офисі, Өңірлік оқу орталығының басшылары мен Офис Вице-Төрағаларының 8-ші бейресми кездесудің жалғасы болып табылады.

Отырыста ДКҰ ИДӨО басшылары, Қазақстан, Әзірбайжан, Македония, Венгрия, Ресей Федерациясы, Украинадағы ДКҰ ӨОО басшылары, Грузия және Швеция кеден әкімшілігінің өкілдері, сондай-ақ Еуропа өңіріндегі ДКҰ өңірлік дамуының менеджері қатысады.

Күн тәртібінде Оқу қызметі мен Өңірлік оқытуды жүзеге асыру және бағаны талдаумен байланысты мәселелер қаралады. Қатысушылармен бүкіл әлемде кеден органдарының қызметкерлерін оқыту саласындағы қолжетімді өңірлік ресурстарды басқарудың және мобилизациялаудың алдағы қадамын жақсартуда пікір алмасу және келісу жоспарланады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2013-zhyl-y-2-4-azan-araly-ynda-astana-alasynda-y-irlik-o-u-ortaly-yny-bazasynda-borabay-kentinde-eu-376901](https://yvision.kz/kk/post/2013-zhyl-y-2-4-azan-araly-ynda-astana-alasynda-y-irlik-o-u-ortaly-yny-bazasynda-borabay-kentinde-eu-376901)