---
title: "2013 жыл ішіндегі жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алқа отырысы өтті"
description: "Алқа отырысы күн тәртібінде белгіленген негізгі мәселелерді талқылау Мемлекет басшысының Қазақстан Р..."
author: "KTK_MF_RK"
published: "2014-02-28T02:40:37+00:00"
modified: "2014-02-28T02:40:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2013-zhyl-ishindegi-zh-mys-orytyndysy-boyynsha-aza-stan-respublikasy-arzhy-ministrligi-kedendik-ba-y-402938"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2013-zhyl-ishindegi-zh-mys-orytyndysy-boyynsha-aza-stan-respublikasy-arzhy-ministrligi-kedendik-ba-y-402938/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2013 жыл ішіндегі жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алқа отырысы өтті

> Алқа отырысы күн тәртібінде белгіленген негізгі мәселелерді талқылау Мемлекет басшысының Қазақстан Р...

Алқа отырысы күн тәртібінде белгіленген негізгі мәселелерді талқылау Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмалары және кешегі Қаржы министрлігі Алқасында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі анықтаған міндеттер контексінде өтті.

2013 жылғы 12 ай ішінде кеден органдары бюджет кірісіне 1 трлн. 339,5 млрд. теңге сомасына КТмС түсуін қамтамасыз етті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 192,6 млрд. теңгеге немесе 16,8% артық аударылды. Республикалық бюджеттің кірісіне кедендік төлемдер мен салықтардың түсу үлесі 37,0% құрады.

Посткедендік бақылау нәтижесі бойынша қосымша 16 млрд. теңге есептелді, олардың 6 млрд.теңге кедендік төлемдер мен салықтары бюджет кірісіне өндірілді.

Сондай-ақ Алқада кеден саласындағы құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесудің тиімді шараларын әзірлеу мәселелері талқыланды.

Өткен жылғы 12 ай ішінде Қазақстан Республикасының кеден органдары 645 қылмыстық іс қозғады. Жедел жағдайға және кеден ісі саласындағы қылмыстарды анықтау фактілеріне жүргізілген талдау ашылған қылмыстардың 436 экономикалық контрабандаға, 57 айналымнан алынған заттардың контрабандасымен байланысты қылмыстарға, 29 кедендік салықтарды төлеуден жалтаруға келетінін көрсетті. Қозғалған қылмыстық істер бойынша тауарлар сомасы 10,8 млрд. теңгені, келтірген залалдардың сомасы - 5,6 млрд. теңгені құрады. Заңсыз айналымнан 245 кг жуық есірткі құралдары алынды, оның ішінде 38 кг астамы героин.

Алқа отырысында сондай-ақ кеден органдары 2013 жылғы қарашадан бастап өткізіп отырған «Бекет» жедел-профилактикалық шарасының («Бекет» ЖПШ) қорытындысы талқыланды. Ол кедендік бақылауды күшейтуге және қазақстан – қытай бағытындағы контрабандаға қарсы іс-қимылға бағытталған. «Бекет» ЖПШ тауарлар мен көлік құралдарының заңды өткізілуіне мүмкіндік береді және ағымдағы жылы да жалғасатын болады.

Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту бойынша жоспардың іске асырылуы шеңберінде Алқада кеден органдары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша Комитет шешетін: кеден бекеттерінде қажетті инфрақұрылымды құру; кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын құжаттарды қысқарту; өзінің тиімділігін дәлелдеген уәкілетті экономикалық операторлар институтын жетілдіру бойынша бірқатар міндеттер талқыланды.

Басты назар өз қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысының қорытындысына және кадрмен жұмыс мәселелеріне бөлінді. Комитет төрағасы назарды кеден қызметкерлерінің біліктілік сапасын және халық пен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара қарым-қатынас үшін этикасын арттыруға аударды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте назар өз күштерімен сыбайлас жемқорлық көріністердің алдын алуға және жолын кесуге бөлінді. Есепті кезеңде кеден қызметкерлеріне қатысты басқа құқық қорғау органдардың қылмыстық істі қозғау фактілерінің саны азайғаны байқалады.

Алқа отырысы барысында бюджеттік құралдардың игерілуі және жоспарланған қаражатты игеру бойынша барлық міндеттерді орындау үшін шаралар қабылдау бойынша мәселе талқыланды.

Сондай-ақ ведомство басшыларына болжамды міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кедендік төлемдер мен салықтар түсімінің жаңа қорларын іздестіру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Алқа отырысын аяқтай келе, Комитет төрағасы ұсынылатын қызметтердің сапасы мен айқындылығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және кеден қызметкерлерінің халықпен және СЭҚ қатысушыларымен өзара қарым-қатынас кезіндегі этикасын арттыру, сондай-ақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды жаңғырту және енгізу ағымдағы жылы басымды бағыттарына айналуы тиіс екенін атап өтті.

ҚР ҚМ КБК Баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2013-zhyl-ishindegi-zh-mys-orytyndysy-boyynsha-aza-stan-respublikasy-arzhy-ministrligi-kedendik-ba-y-402938](https://yvision.kz/kk/post/2013-zhyl-ishindegi-zh-mys-orytyndysy-boyynsha-aza-stan-respublikasy-arzhy-ministrligi-kedendik-ba-y-402938)