---
title: "2003 жылдан бері Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 11,7 млрд теңге төленді"
description: "2003 жылдан бері Қазақстанда саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы жән..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2017-05-30T21:51:54+00:00"
modified: "2017-05-30T21:51:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2003-zhyldan-beri-aza-standa-sayasi-u-yn-s-rgin-rbandaryna-11-7-mlrd-te-ge-t-lendi-768475"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2003-zhyldan-beri-aza-standa-sayasi-u-yn-s-rgin-rbandaryna-11-7-mlrd-te-ge-t-lendi-768475/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2003 жылдан бері Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 11,7 млрд теңге төленді

> 2003 жылдан бері Қазақстанда саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы жән...

![2003 жылдан бері Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 11,7 млрд теңге төленді](http://www.enbek.gov.kz/sites/default/files/styles/news_preview/public/1267571.jpg?itok=hzjaySpw)

2003 жылдан бері Қазақстанда саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 11,7 млрд теңге төленді. Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Заңына сәйкес, негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшыраған және Қазақстан заңнамасына сай ақталған адамдарға, республикалық бюджет қаржысынан олардың аталған орындарда болған әр айы үшiн әлеуметтiк қорғау органдарына өтiнiш жасаған сәтiнде қолданылған Қазақстан Республикасы [заңдарымен](http%3A%2F%2Fwww.mzsr.gov.kz%2Fsites%2Fall%2Fthemes%2Fenbek7%2Ftemplates%2Fawaykk.php%3Fhttp%3A%2F%2Fadilet.zan.kz%2Fkaz%2Fdocs%2FZ1400000259%23z11&lang=kk") белгiленген айлық есептік көрсеткіштің төрттен үш бөлiгi есебiнен, бiрақ заңмен белгiленген 100 айлық есептік көрсеткiштен аспайтындай ақшалай өтемақы төленедi. 2003 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 3 млрд теңгеге жуық сомада біржолғы ақшалай өтемақы төленді. 2017 жылы аталған мақсаттарға республикалық қазына қаржысынан 1,7 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына, мүгедек болып қалған және зейнеткер болып табылатын, саяси қуғын-сүргiндер салдарынан зардап шеккен адамдарға басқа әлеуметтік төлемдерден тәуелсіз [арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы](http%3A%2F%2Fwww.mzsr.gov.kz%2Fsites%2Fall%2Fthemes%2Fenbek7%2Ftemplates%2Fawaykk.php%3Fhttp%3A%2F%2Fadilet.zan.kz%2Fkaz%2Fdocs%2FZ990000365_%23z9&lang=kk") (бұдан әрі АМЖ) 1,07 айлық есептік көрсеткіші көлемінде төленедi (2017 жылы – 2 428 теңге). 2005 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 8,8 млрд теңге сомасында АМЖ төленді. Бұл мақсатқа 2017 жылы 1046,4 млн теңге жоспарланған. Ағымдағы жылғы 1 мамырда жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары мен саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендер қатарынан АМЖ алушылар саны 35 069 адамды құрады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі № 3443 Жарлығына сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi атап өтіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2003-zhyldan-beri-aza-standa-sayasi-u-yn-s-rgin-rbandaryna-11-7-mlrd-te-ge-t-lendi-768475](https://yvision.kz/kk/post/2003-zhyldan-beri-aza-standa-sayasi-u-yn-s-rgin-rbandaryna-11-7-mlrd-te-ge-t-lendi-768475)