---
title: "2 жылдан аса уақыт бұрын жарақат алған Зарина содан..."
description: "Зарина Дияс Фукуока (Жапония) ITF W 75 турнирінің екінші айналымына өтті. Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 388-ракеткасы, үндістандық Рутуя Бхосалемен өткізді. Зарина Дияс сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қарсыласын 7:5,..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-08T07:41:23+00:00"
modified: "2024-05-08T07:47:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2-zhyldan-asa-ua-yt-b-ryn-zhara-at-al-an-zarina-sodan-bergi-al-ash-y-zhe-isine-ol-zhetkizdi-1004396"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2-zhyldan-asa-ua-yt-b-ryn-zhara-at-al-an-zarina-sodan-bergi-al-ash-y-zhe-isine-ol-zhetkizdi-1004396/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2 жылдан аса уақыт бұрын жарақат алған Зарина содан...

> Зарина Дияс Фукуока (Жапония) ITF W 75 турнирінің екінші айналымына өтті. Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 388-ракеткасы, үндістандық Рутуя Бхосалемен өткізді. Зарина Дияс сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қарсыласын 7:5,...

*Зарина Дияс Фукуока (Жапония) ITF W 75 турнирінің екінші айналымына өтті.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/b92f8d9a362787f8b585acfe3ce9e0.jpg) Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 388-ракеткасы, үндістандық Рутуя Бхосалемен өткізді. Зарина Дияс сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қарсыласын 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Зарина 2022 жылдың 18 қаңтарынан бері кортқа шықпаған еді. Сол күні Дияс Аустралия ашық чемпионатының бірінші айналымында Елена Рыбакинадан 7:6 (7:3), 6:7 (3:7), 1:6 есебімен ұтылған еді. Содан кейі жарақатына байланысты жарыс жолынан шығып қалған болатын. Осылайша, 2 жыл 3 айдан кейін Зарина алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 286-ракеткасы, оңтүстіккореялық Су Джон Чан немесе рейтингіде 358-сатыдағы аустралиялық Лизетт Кабрераның қай жеңгенімен таласады.

t.me/RRaketkasi

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2-zhyldan-asa-ua-yt-b-ryn-zhara-at-al-an-zarina-sodan-bergi-al-ash-y-zhe-isine-ol-zhetkizdi-1004396](https://yvision.kz/kk/post/2-zhyldan-asa-ua-yt-b-ryn-zhara-at-al-an-zarina-sodan-bergi-al-ash-y-zhe-isine-ol-zhetkizdi-1004396)