---
title: "2.0 Бизнесті қорғау басымдыққа ие («PBI – Protecting Business and Investments» жобасы аясында)"
description: "2020 жылғы 10 желтоқсанда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен «Protecting Busines..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-12-10T11:42:15+00:00"
modified: "2020-12-10T11:42:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/2-0-biznesti-or-au-basymdy-a-ie-pbi-protecting-business-and-investments-zhobasy-ayasynda-887852"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/2-0-biznesti-or-au-basymdy-a-ie-pbi-protecting-business-and-investments-zhobasy-ayasynda-887852/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 2.0 Бизнесті қорғау басымдыққа ие («PBI – Protecting Business and Investments» жобасы аясында)

> 2020 жылғы 10 желтоқсанда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен «Protecting Busines...

2020 жылғы 10 желтоқсанда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен «Protecting Business and Investments» жобасын іске асыру шеңберінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаевтың жұмыс сапары барысында «Пойма май Комбинаты» ЖШС директоры А. Сармалаевтің «КСО» АҚ тиесілі темір жолдарда вагондардың өтуіне тарифтерді көтеруге қатысты.келіп түскен өтініші бойынша кеңес өткізілді.

Шараға БҚО бойынша СЖҚІҚД басшысының бірінші орынбасары Н.Самет, БҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті бастығы А.Отаров, «Пойма май комбинаты» ЖШС заңгері С. Кайгородов, «Орал Жана құрылыс үй комбинаты ЖШС басшысы А.Молдагалиев, Орал Станция бастығы А.Башенов, «Қазақстан Темір жолы – Жүк тасымалы» ЖШС ЖТ Ақтобе бөлімшесі басшысының орынбасары Б. Бирманов, Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары М. Ермеков, Пойма станциясы басшысы Е.Санбаев, «Көліктік сервис орталығы» АҚ өкілі А.Сарин және т. б. қатысты.

Н.И. Самет кеңеске қатысушыларға «КСО» АҚ компаниясына тиесілі темір жолдарда вагондардың өту тарифтерін көтерумен байланысты проблемаларды атап өтті.

Транспарентті, есеп беретін және халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасында көзделген тәсілдер шеңберінде жан-жақты және объективті қарауды қамтамасыз ету мақсатында БҚО СЖҚІҚД ШЕШІМ ЕТТІ:

Ø «КСО» АҚ кірме темір жолдарын пайдалану бойынша тарифтерді қалыптастыру кезінде есептеу әдістемесінің сақталуына тексеру жүргізу үшін ҚР ҚПК 181-бабының 5-бөлігі тәртібімен ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетіне «Пойма май Комбинаты» ЖШС өтінішін жолдау мәселесі пысықталсын;

Ø өтініш иесінің дәлелдерін ескере отырып, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне кәсіпкерлік қызметті жүргізуге неғұрлым қолайлы жағдай жасау үшін осындай тарифтерді есептеу әдістемесін қайта қарау бойынша ұсыныстар жіберілсін;

Бизнесті қорғау, оның ішінде жоғарыда аталған кәсіпорындардың өтініштері БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ерекше бақылауында болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/2-0-biznesti-or-au-basymdy-a-ie-pbi-protecting-business-and-investments-zhobasy-ayasynda-887852](https://yvision.kz/kk/post/2-0-biznesti-or-au-basymdy-a-ie-pbi-protecting-business-and-investments-zhobasy-ayasynda-887852)