---
title: "19 шілдеге арналған ауа райы: бұршақ жауып, дауыл соғады"
description: "Атмосфералық фронт әсерінен елдің көп бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады, елдің солт..."
author: "Adal.News"
published: "2023-07-19T04:56:38+00:00"
modified: "2023-07-19T04:56:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/19-shildege-arnal-an-aua-rayy-b-rsha-zhauyp-dauyl-so-ady-991762"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/19-shildege-arnal-an-aua-rayy-b-rsha-zhauyp-dauyl-so-ady-991762/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 19 шілдеге арналған ауа райы: бұршақ жауып, дауыл соғады

> Атмосфералық фронт әсерінен елдің көп бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады, елдің солт...

![19 шілдеге арналған ауа райы: бұршақ жауып, дауыл соғады](https://storage.yvision.kz/images/user/573963/60b81cc1fd42e66b1c0b075f6ff0b3.png)

Атмосфералық фронт әсерінен елдің көп бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Республиканың шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде және таңертең Солтүстік-батыста тұман болады деп күтіліп жатыр.

Күндіз Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Абай облысында 35-42°с қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік, Шығыс Ақмола облыстарының, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстікте, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/19-shildege-arnal-an-aua-rayy-b-rsha-zhauyp-dauyl-so-ady-991762](https://yvision.kz/kk/post/19-shildege-arnal-an-aua-rayy-b-rsha-zhauyp-dauyl-so-ady-991762)