---
title: "19 қаңтар – командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының құрылған күні"
description: "Қазақстан Қарулы Күштерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынб..."
author: "minoboronyRK"
published: "2014-01-18T07:37:32+00:00"
modified: "2014-01-18T07:37:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/19-a-tar-komandirlerdi-t-rbie-zh-ne-leumettik-y-ty-zh-mystar-zh-nindegi-orynbasarlary-institutyny-ry-396272"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/19-a-tar-komandirlerdi-t-rbie-zh-ne-leumettik-y-ty-zh-mystar-zh-nindegi-orynbasarlary-institutyny-ry-396272/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 19 қаңтар – командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының құрылған күні

> Қазақстан Қарулы Күштерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынб...

Қазақстан Қарулы Күштерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының күні атап өтілді.

1993 жылғы 19 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қарулы Күштерде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының институты енгізілген болатын.

21 жылдан ішінде тәрбие құрылымдарының офицерлері командирлермен және штабтармен бірлесе отырып, әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, бөлімшелерде моральдық ахуалды сауықтыру, әскери қызмет абыройы мен беделін арттыру, жеке құрамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде ауқымды тәрбие жұмыстарын атқарып келеді.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кезекті Жолдауында да жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге назар аударылды. Осыған байланысты Қарулы Күштеріміздегі тәрбие құрылымдарының офицерлеріне және жалпы офицерлер корпусына жүктелер міндет те орасан зор.

- Біздің армиямыз аға ұрпақтың ерліктері мен жауынгерлік дәстүрлерінде негізделген қазақстандық патриотизмнің басты идеологиялық мектебі мәртебесі құқығына ие болуы тиіс, - деп ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов атап өтті.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/19-a-tar-komandirlerdi-t-rbie-zh-ne-leumettik-y-ty-zh-mystar-zh-nindegi-orynbasarlary-institutyny-ry-396272](https://yvision.kz/kk/post/19-a-tar-komandirlerdi-t-rbie-zh-ne-leumettik-y-ty-zh-mystar-zh-nindegi-orynbasarlary-institutyny-ry-396272)