---
title: "19-25 тамыз аралығында Астана әуежайындағы түнгі рейстерге шектеу болады"
description: "Алдағы 19-25 тамыз аралығында Астана Халықаралық әуежайы түнгі сағат 22-00 -ден 03-00-ге дейін ұшақт..."
author: "kazinform_kz"
published: "2015-07-24T04:16:31+00:00"
modified: "2015-07-24T04:16:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/19-25-tamyz-araly-ynda-astana-uezhayynda-y-t-ngi-reysterge-shekteu-bolady-524453"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/19-25-tamyz-araly-ynda-astana-uezhayynda-y-t-ngi-reysterge-shekteu-bolady-524453/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 19-25 тамыз аралығында Астана әуежайындағы түнгі рейстерге шектеу болады

> Алдағы 19-25 тамыз аралығында Астана Халықаралық әуежайы түнгі сағат 22-00 -ден 03-00-ге дейін ұшақт...

Алдағы 19-25 тамыз аралығында Астана Халықаралық әуежайы түнгі сағат 22-00 -ден 03-00-ге дейін ұшақтарды қабылдап, ұшыруды уақытша тоқтатты, деп хабарлады "ҚазАқпаратқа"әуежайдың маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінен.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kazinform/g01i2c14UMbXV9kMTeOBNTd1BGeEiX.jpg)

«Оның басты себебі, түнгі уақытта ұшу-қону алаңында жарық-сигналдары берілмейді», делінген хабарламада. Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Астана әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа терминал мен ұшу-қону алаңын жөндеуге 60 млрд.теңге жұмсалады.

[http://www.inform.kz/](http://www.inform.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/19-25-tamyz-araly-ynda-astana-uezhayynda-y-t-ngi-reysterge-shekteu-bolady-524453](https://yvision.kz/kk/post/19-25-tamyz-araly-ynda-astana-uezhayynda-y-t-ngi-reysterge-shekteu-bolady-524453)