---
title: "№17 мектептегі кездесу"
description: "2017 жылдың 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-04-20T01:55:22+00:00"
modified: "2017-04-20T01:55:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/17-mekteptegi-kezdesu-764185"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/17-mekteptegi-kezdesu-764185/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# №17 мектептегі кездесу

> 2017 жылдың 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа...

2017 жылдың 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері Орал қаласының №17 мектеп ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мобильдік топ мүшелері педагогикалық ұжымға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастырудағы біздің мемлекетіміздің саясаты жөнінде түсіндірді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/17-mekteptegi-kezdesu-764185](https://yvision.kz/kk/post/17-mekteptegi-kezdesu-764185)