---
title: "15 жасар астаналық Еуропа чемпионы атанды"
description: "15 жасар астаналық ел тарихында алғаш рет киокушинкай каратэден Еуропа чемпионы атанды, деп хабарл..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-05-22T22:29:24+00:00"
modified: "2014-05-22T22:29:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/15-zhasar-astanaly-europa-chempiony-atandy-414697"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/15-zhasar-astanaly-europa-chempiony-atandy-414697/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 15 жасар астаналық Еуропа чемпионы атанды

> 15 жасар астаналық ел тарихында алғаш рет киокушинкай каратэден Еуропа чемпионы атанды, деп хабарл...

[!\[15 жасар астаналық Еуропа чемпионы атанды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/05/0c86b2f76fde9f30fec63763f1d208b4-300x225.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/05/0c86b2f76fde9f30fec63763f1d208b4.jpg)

15 жасар астаналық ел тарихында алғаш рет киокушинкай каратэден Еуропа чемпионы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Болгарияда 15-16 жасар жастық дәрежесіндегі жекпе-жекте астаналық Темірлан Жәнібековке тең келер ешкім болған жоқ. Барлығы қазақстандық құрама 37 командамен бақ сынасты. Чемпион атағына 400 каратэші таласты. Нәтижесінде қазақстандық құраманың қоржынында алтыннан бөлек тағы 3 қола медаль бар. Атап өтсек, Қазақстанда киокушинкай танымал спорт түрлерінің бірі. Бүгінде спорттың бұл түрімен шамамен 5000 жасөспірім шұғылданады.

«Сайыс жоғары деңгейде өтті. Мен 4 рет кездесу өткіздім. Ең қиыны жартылай финал болды. Онда мен Ресей және Еуропа чемпионы болған ресейлікпен кездескен едім», — деді чемпион.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/15-zhasar-astanaly-europa-chempiony-atandy-414697](https://yvision.kz/kk/post/15-zhasar-astanaly-europa-chempiony-atandy-414697)