---
title: "15 қараша - ауыл шаруашылығы, тамақ және өнеркәсіп өндірісі қызметкерлерінің күні!"
description: "Құрметті әріптестер, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп кешенінің қызметкерлері!Сіздерді кәсіби мерекел..."
author: "ayagoz.vko.nurotan.kz"
published: "2020-11-15T04:27:34+00:00"
modified: "2020-11-15T04:27:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/15-arasha-auyl-sharuashyly-y-tama-zh-ne-nerk-sip-ndirisi-yzmetkerlerini-k-ni-873558"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/15-arasha-auyl-sharuashyly-y-tama-zh-ne-nerk-sip-ndirisi-yzmetkerlerini-k-ni-873558/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 15 қараша - ауыл шаруашылығы, тамақ және өнеркәсіп өндірісі қызметкерлерінің күні!

> Құрметті әріптестер, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп кешенінің қызметкерлері!Сіздерді кәсіби мерекел...

Құрметті әріптестер, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп кешенінің қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Бұл мереке жерде еңбек ететін, мал шаруашылығымен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс жасайтын, еліміздің және өңіріміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың басын қосады.Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Бұл ел экономикасының ең маңызды саласының бірі.

Сіздерге Отанымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңізбен өз істеріңізге адалдықтарыңыз, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз.Осы мерейлі мереке күні сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға бақ-береке, әр бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

![15 қараша - ауыл шаруашылығы, тамақ және өнеркәсіп өндірісі қызметкерлерінің күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/443278/957a9dedd1c5f6e7b0c34cd81e6159.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/15-arasha-auyl-sharuashyly-y-tama-zh-ne-nerk-sip-ndirisi-yzmetkerlerini-k-ni-873558](https://yvision.kz/kk/post/15-arasha-auyl-sharuashyly-y-tama-zh-ne-nerk-sip-ndirisi-yzmetkerlerini-k-ni-873558)