---
title: "13 жастағы жапондық әлемді таң қалдырды"
description: "Небәрі 13 жастағы жапондық Томокадзу Хиромото үстел үстілік теннис бойынша дүниежүзілік чемпионатты..."
author: "tomizavr"
published: "2017-06-04T11:28:50+00:00"
modified: "2017-06-04T11:28:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/13-zhasta-y-zhapondy-lemdi-ta-aldyrdy-768933"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/13-zhasta-y-zhapondy-lemdi-ta-aldyrdy-768933/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 13 жастағы жапондық әлемді таң қалдырды

> Небәрі 13 жастағы жапондық Томокадзу Хиромото үстел үстілік теннис бойынша дүниежүзілік чемпионатты...

Небәрі 13 жастағы жапондық Томокадзу Хиромото үстел үстілік теннис бойынша дүниежүзілік чемпионаттың ширек финалының тарихтағы ең жас қатысушы ретінде анықталды.

Дюссельдорфта болып жатқан жарыстың 1/8 бөлігінде 33 жастағы словак Любомир Пистейді 4-1 есебімен жеңіп кетті. Осының алдында ол Рио-да-Жанейрода болған Олимпиада ойындарының қола медаль иегері 27 жастағы жапондық Дзюна Мидзутаниді жеңген болатын.

Неге жапондықтар сондай алғыр және ұшқыр деп ойлайтын боласыздар...Себебі, жапондықтардың тұрмысы, іс-әрекеттері мен әдеттері басқалардан өзгеше. Олардың спортшылары қайыспайтын қайсар, әскери дайындығы сақадай сай, балығы дәмді. Дәл қазір мен Жапония туралы сіз білмейтін, кейде білетін фактілерді ұсынғым келеді. (Білсеңіз де, білмегендей болыңыз :)

- Жапонияның ресми атауы **«Ниппон коку»** немесе **«Нихон коку»**.

- Мемлекет **6852** аралдан тұрады.

- Халықтың **99%** жапон тілінде сөйлейді.

- Жапонияда сауаттылық көрсеткіші **100%**-ға таяу.

- Жапондықтар олардың тілінде бірнеше сөз білетін шетелдіктерді аса құрметтейді. Олардың ойынша, жапон тілін үйрену – өте қиын.

- Жапонияда ет пен балықтың бағасы қаншалықты арзан болса, жеміс-жидектердің бағасы соншалықты қымбат. Бір алманың құны – 2 доллар, бір бау банан – 5 доллар, ал 1 қауын – 200 доллар шамасында тұрады.

- Жапондықтар - өте еңбекққор халық. Олар ешқандай үзіліссіз **15-18 сағат** жұмыс істей алады. Осыған байланысты «кароши» , яғни тікелей аударғанда «жұмыстан зорығу» деген мағына беретін диагноз пайда болды. Жыл сайын бұл диагнозбен 10000-ға жуық адам қайтыс болады.

- Жапондықтар ешқашан кешікпейді. Жұмысқа кем дегенде жарты сағат бұрын келеді. Сол себепті **жұмыссыздық мөлшері 4%**-дан аспайды.

- Жапонияда өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен 82, 12 жасты құрайды. Бұл - әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш.

- Мемлекет егде жастағы тұрғындарға жоғары зейнетақы қарастырмайды. Ең жоғарғы зейнетақы – **300** доллар. Үкімет әркім өз қарттығын алдын-ала қамдану керек деп есептейді.

- Жапонияда оқу жылы 1 сәуірде басталады және триместрлерге бөлінеді.

- Елде айлардың атауы жоқ, олар тек нөмірлермен белгіленеді.

- Жапония халқы үшін де, оның саясатында да ар мәселесі бірінші орында. Жапонияның соңғы премьер-министрі Юкио Хатояма өзінің сайлау алдында айтқан уәделерін орындамағаны үшін қызметінен кетті. Оның алдындағы екі премьер-министр де дәл солай істеген.

- Мемлекеттің солтүстік аймақтарында көшелерді жылыту жүйесі бар. Қыста көктайғақ болмайды, қар тазалау да қажет емес. Дей тұрғанмен, пәтерлерді орталық жылыту жоқ, әркім үйін өз күшімен жылытады.

- Жапондықтардың ұлттық киімі «кимоно» деп аталады.

- Жапонияда 200-ден астам жанартау бар, жыл сайын **1500**-ға жуық жер сілкінуі болып тұрады.

- Жапония әлі күнге дейін империя статусын сақтап қалған. Монархтар әулеті ешқашан үзілмеген. Бүгінгі император Акихито – б.з.б 711 жылы Жапонияның негізін қалаған Дзимму императордың тікелей ұрпағы.

- Жапондықтар әрқашан тамақ туралы әңгіме айтады. Тамақтанып отырғанда асты мақтап, үздіксіз **«oishii»** (дәмді) деп айтып отырады.

- Қасиетті Фудзияма жанартауы – синтоистік Хонгу Сэнген ғибадатханасының жеке меншігі.

- Жапонияда төрт түрлі жазу жүйесі қолданылады. Хирагана – төл сөзді буынға бөліп жазу, катакана – кірме сөздерді буынға бөліп жазу, кандзи – иероглифтік жазу және ромадзи- төл сөзді латын әліпбиінде жазу.

- Жапонияда «сакура» деп аталатын өрік ағашы қасиетті саналады.

- Токио – әлемдегі ең қауіпсіз қала. Тұрғындар ұрлыққа бармайды, бір-біріне зәбір көрсетпейді. Егер сөмкеңізді метрода ұмытып кетсеңіз, оны жоғалған заттар бюросынан тауып алуыңыз әбден мүмкін.

- Токиода **30 миллион** халық тұрады. Сондықтан, бұл әсем астана әлемдегі ең үлкен агломерация болып есептеледі.

- Халықтың **95%-ы** газет оқиды.

25. Жапондықтардың ерекше спорты ретінде **«сумо»** ауыр салмақты балуандардың күресін және **"айкидоны"** айтуға болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/13-zhasta-y-zhapondy-lemdi-ta-aldyrdy-768933](https://yvision.kz/kk/post/13-zhasta-y-zhapondy-lemdi-ta-aldyrdy-768933)