---
title: "127 сағат фильмі"
description: "Менің бір жаман әдетім бар - киноларды ешқашан шыққан уақытында қарамаймын. Екі, үш, тіпті он жыл ө..."
author: "mijuka"
published: "2012-09-04T19:01:11+00:00"
modified: "2012-09-04T19:01:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/127-sa-at-filmi-287648"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/127-sa-at-filmi-287648/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 127 сағат фильмі

> Менің бір жаман әдетім бар - киноларды ешқашан шыққан уақытында қарамаймын. Екі, үш, тіпті он жыл ө...

Менің бір жаман әдетім бар - киноларды ешқашан шыққан уақытында қарамаймын. Екі, үш, тіпті он жыл өткесін "шоланнан" тауып алып, мә, осы фильм жайлы естіп едім кезінде, қарайғойайыншы (?) деп ақыры соған жетемін.

"127 сағат" деген киноны сөйтіп өткен жатыста қарадым. Бұл фильм тауда тұтылып қалған жігіт жайлы және бұл өмірде шын болған оқиға бойынша түсірілген.

Енді фильмнің сюжетін айтпайақ қойяйын - қызығып қараймын десеңіз, рақатыңызды бұзбайақ қойяын. Бірақ бірнеше ойларымды жариялайын.

Біріншіден, осындай қан төгіліп, қатты ауру, қиыншылық жайлы фильмдерді ұнатпайтынмын. Басымды бұрып, жеркеніп әрең қараймын немесе тиып тастаймын. Ал бұл киноны бастан аяғына дейін көзімді алмай қарадым. Адам баласының шыдамдылығына, үміттігіне, тапқырлығына таң қалдым.

Әрине, сосын түні бойы өзімнің қалауымен қолымның сүйегін сындырып, етін суырып алатын түстерден шошып оянып шықтым. :)

Екіншіден, Джеймс Франко дегенімен қандай тамаша актер. Фильмдегі маған ең ұнаған мезгілінде басты кейіпкер видеокамераға американдық таңертеңгі talk-шоу үлгісімен өзінің баратын мекен-жайын еш жанға айтпағынын мазақ қылады. Сол кезде мен күліп жатырмын, ал жымиған кейіпкердің көзіндегі үмітсіздігі шексіз.

Мүмкіндік болса, осы киноны тауып қараңыз.

[http://www.youtube.com/watch?v=J0b1OIktMt8](http://www.youtube.com/watch?v=J0b1OIktMt8)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/127-sa-at-filmi-287648](https://yvision.kz/kk/post/127-sa-at-filmi-287648)