---
title: "12 тамыз-Жастар күні."
description: "Әрдайым қоғамдық істерде алдыңғы шептен табылып, өз ой пікірлерін ашық айтып, белсенділік танытатын ..."
author: "CRMI"
published: "2016-08-13T03:44:34+00:00"
modified: "2016-08-14T22:00:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/12-tamyz-zhastar-k-ni-706904"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/12-tamyz-zhastar-k-ni-706904/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 12 тамыз-Жастар күні.

> Әрдайым қоғамдық істерде алдыңғы шептен табылып, өз ой пікірлерін ашық айтып, белсенділік танытатын ...

Әрдайым қоғамдық істерде алдыңғы шептен табылып, өз ой пікірлерін ашық айтып, белсенділік танытатын жастар қандай мақтауыңызға да лайық. Қоғамның айнымас бір бөлшегі іспетті жастардың алар орны ерекше, әрине. Тау қопарардай алып күшке ие жалындаған жастардың көштің алғы шебінен табылуы бір жағынан заңдылық та іспетті. Сондықтан да арнайы жастар күні белгіленуі құптарлық-ақ іс. Бұл күнді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1988 жылы 12 тамызда өткен Бүкіл әлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекіткені белгілі. Содан бері әлемнің әр түкпірінде жастар күні ерекше аталып өтіп келеді. Осыған орай Павлодар облысы Жастар саясаты мәселелері жөнінде басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі халықаралық жастар күніне орай түрлі іс-шаралардың ұйытқысы болды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/qNNCD48U1M58AWMt00IYa3AJ626wYP.jpg)

«Махаббат мекені» жобасы аясында Рамазановтар жас отбасының некесі қиылып, үлкен өмірге Жастар орталығынан аттанды. Жасжұбайлардың келесі махаббат аялдамасы Гагарин атындағы жастар саябағы болды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/TFpp5XJAfgLXsHttIw821w5Ln442ZF.jpg)

Одан әрі, қала жастары Естай атындағы Мәдениет Сарайынан бастау алып, Гагарин атындағы саябағына дейін авто шерумен жалғасы. Қызыққа толы мереке түрі түсті бояулар фестивалімен толысты. Өздерін, достарын түрлі түстіге бояп, көңіл көтерді. Мерекені HummerDizzy тобының қатысумен кешкі би кеші жалғай түсті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/AeP7pusLAbuTVZph2Lu9a9K7gOw9v6.jpg)

Мерекені ұйымдастырған: «Дені сау ұрпақ» Қоғамдық қоры, Павлодар облысы Жастар саясаты мәселелері жөнінде басқармасы, Павлодар облысы ішкі саясат бөлімі және Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығы.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/V7JLWfW5Qcb9624BvjnyBknpW86L9u.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/12-tamyz-zhastar-k-ni-706904](https://yvision.kz/kk/post/12-tamyz-zhastar-k-ni-706904)