---
title: "«12-қазанда ақырзаман болады деген рас па?». Ғалымдар шындықты айтты"
description: "Жер астероидтар шеңберіне кірді. Біреуі Жерге соқтығыспай өте шықты. Ендігі қауіптісі 12-қазанда ..."
author: "erganataldanov"
published: "2017-10-07T06:13:51+00:00"
modified: "2017-10-07T06:13:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/12-azanda-a-yrzaman-bolady-degen-ras-pa-alymdar-shyndy-ty-aytty-780961"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/12-azanda-a-yrzaman-bolady-degen-ras-pa-alymdar-shyndy-ty-aytty-780961/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «12-қазанда ақырзаман болады деген рас па?». Ғалымдар шындықты айтты

> Жер астероидтар шеңберіне кірді. Біреуі Жерге соқтығыспай өте шықты. Ендігі қауіптісі 12-қазанда ...

Жер астероидтар шеңберіне кірді. Біреуі Жерге соқтығыспай өте шықты. Ендігі қауіптісі 12-қазанда жақындайды.

Бұл туралы NASA және ЕҒА-ға сілтеме жасап, шетелдік [БАҚ](http://u-f.ru/article/science/u21/2017/10/06/245660)-тар шуласа жазып жатыр.

Ғалымдар «2012 TC4» астероиды біздің ғаламшар үшін аса қауіпті екенін айтады. Алдын ала есептеулерге қарағанда, 12 қазан күні аталған аспан денесі Жерден 43 мың километр қашықтықтан өтеді. Бұл Айға дейінгі қашықтықтың сегізден бір бөлігі деген сөз. Бұдан тыс, Жердің астероидтар шеңберінде қозғалу барысында ұсақ аспан денелерінің бірі атмосфераға құлау ықтималы жоғарылайды.

Ғалымдардың айтуынша, астероид Жермен соқтығысса түрлі табиғи апатты туғызады. Жер сілкінісінен бастап вулкандардың атқылауына дейін. Ал Жерге жақындап қалған астероидты алатын болсақ, оның Жер шарын жарып жіберуге қауқары шамалы екен. Мұны ғалымдар айтады. Өйткені ТС4 астероидінің диаметрі 40 метр екен. Мәселен, Шұбаркөлге құлаған метеоритті білетін шығарсыздар. Оның диаметрі 17 метр болған. Ал ол әлемдік апатты туғызған жоқ. Бұл да сол секілді болуы керек.

Ал шындығында ол асероит қандай дегенге келетін болсақ, Astrowatch порталы оның суретін жариялап та жіберді.

Айта кетелік, көлемі автобустай болатын астероид осы дүйсенбіде, 2-қазанда Жерге тақап өтті. Оның қиыршықтары Қытайдың Юньнань елді-мекені әуесінде атылып, жарылыпты.

kaz.365info.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/12-azanda-a-yrzaman-bolady-degen-ras-pa-alymdar-shyndy-ty-aytty-780961](https://yvision.kz/kk/post/12-azanda-a-yrzaman-bolady-degen-ras-pa-alymdar-shyndy-ty-aytty-780961)