---
title: "«101.2 FM» — де тікелей байланыс"
description: "2017 жылдың 18 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-05-19T09:57:22+00:00"
modified: "2017-05-19T09:57:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/101-2-fm-de-tikeley-baylanys-767278"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/101-2-fm-de-tikeley-baylanys-767278/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «101.2 FM» — де тікелей байланыс

> 2017 жылдың 18 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа...

2017 жылдың 18 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Жұбаныш Аманқос Сағынұлы РТРК «Қазақстан-Орал» облыстық радиосының «Заң аясында» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Бағдарлама шығарылымы мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселелері мен Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы мәселелеріне арналды.

Бағдарлама барысында радиотыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, А.С.Жұбаныш нақты жауаптар берді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/101-2-fm-de-tikeley-baylanys-767278](https://yvision.kz/kk/post/101-2-fm-de-tikeley-baylanys-767278)