---
title: "«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы жөнінде сұхбат"
description: "2017 жылдың 18 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-07-18T06:54:39+00:00"
modified: "2017-07-18T06:54:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-zh-zege-asyryluy-zh-ninde-s-hbat-773326"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-zh-zege-asyryluy-zh-ninde-s-hbat-773326/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы жөнінде сұхбат

> 2017 жылдың 18 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа...

2017 жылдың 18 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақов «ТДК-42» телеарнасының тілшісі Эльмира Рахмешоваға сұхбат берді.

Сұхбат кезінде Департамент басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметтің жаңа моделін жүзеге асыру жағдайы, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды барынша азайту және жою, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарының сақталуын бақылау және мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты сұрақтар бойынша жыл басынан бері Департамент тарапынан бірқатар жұмыстар жасалынып жатырғандығын атап өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-zh-zege-asyryluy-zh-ninde-s-hbat-773326](https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-zh-zege-asyryluy-zh-ninde-s-hbat-773326)